2026–2027 оқу жылы · «Адал азамат»

Тәрбие сағаты — тақырыптар мен дайын жоспарлар, 2026–2027

Тәрбие сағаты аптасына бір рет өтеді, ал оның тақырыбын «Адал азамат» бағдарламасындағы айдың құндылығы береді. Мұнда — қыркүйектен мамырға дейінгі әр айдың құндылығы мен атаулы күндері және 1–4, 5–8, 9–11 сыныптарға арналған 40 тақырып: мақсаты, барысы, талқылауға сұрақтар, ойын және рефлексия.

Айлар бойынша: құндылық, атаулы күндер, тақырыптар

Бағдарламада әр айдың бір құндылығы бар — тәрбие сағаттары, іс-шаралар мен жобалар соның айналасында құрылады. Атаулы күнге арналған сағатты сол күннің алдындағы аптада өткізген ыңғайлы.

ҚыркүйекАта-аналар жиналысы

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

01.09 Білім күні · 05.09 Қазақстан халқы тілдері күні · 13.09 Отбасы күні · 27.09 Еңбек күні
Қараша

Әділдік және жауапкершілік

11.11 Энергия үнемдеу күні · 15.11 Ұлттық валюта күні · 16.11 Толеранттылық күні · 20.11 Дүниежүзілік балалар күні
ЖелтоқсанАта-аналар жиналысы

Бірлік және ынтымақ

09.12 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні · 10.12 Адам құқықтары күні · 16.12 Тәуелсіздік күні

Сынып бойынша

Тәрбие сағаты қалай құрылады

Тәрбие сағаты — сабақ емес, сынып жетекшісі мен балалардың ашық әңгімесі. Сондықтан ол ҚМЖ-ға ұқсас жоспармен жүрсе де, басты бөлігі — оқушылардың өз ойын айтуы, топпен шешім іздеуі және ойын. Әдетте 30–40 минутқа бес кезең жеткілікті.

  1. 1

    Тақырып пен құндылық. Айдың құндылығын алып, оны сыныптың нақты жағдайына байлаңыз: жақында болған оқиға, атаулы күн, сыныптағы мәселе.

  2. 2

    Мақсат. Екі-үш мақсат жеткілікті: оқушы не түсінеді, не істей алады, қандай қарым-қатынасқа үйренеді.

  3. 3

    Кіріспе және негізгі бөлім. Сұрақ, сурет немесе шағын жағдаятпен бастаңыз; негізгі бөлімде топтар талқылайды, жоспар құрады, рөлмен ойнайды.

  4. 4

    Ойын немесе тренинг. Тақырыпты қимылмен, жарыспен, шешім қабылдаумен бекітеді — балалар оны ұзақ есте сақтайды.

  5. 5

    Рефлексия және үйге. Бір сөйлеммен қорытынды, ал ата-аналарға чатқа қысқа хабарлама — үйдегі «Өнегелі 15 минут» әңгімесіне тақырып.

Аптасына бір рет өтетін сынып сағатында 10 минут — «Қауіпсіздік сабағы»: жол, су, от, интернет. Оны тақырыптан бөлек жоспарлаңыз.

«Адал азамат» бағдарламасы — қысқаша

Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы (Оқу-ағарту министрінің 26.05.2025 № 123 бұйрығы) барлық мектепке, оның ішінде жеке мектептерге де міндетті. Оның алты құндылығы бар, әр ай бір құндылыққа арналады.

Бағдарлама тек тәрбие сағатымен шектелмейді: апта сайынғы және күн сайынғы тәжірибелер, сынып пен мектеп жобалары, ата-аналармен бірлескен жұмыс — бәрі бір жүйеде.

ҚұндылықАйлар
Заң және тәртіпқаңтар
Бірлік және ынтымақжелтоқсан, мамыр
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілікқыркүйек, сәуір
Әділдік және жауапкершілікқараша
Жасампаздық және жаңашылдықақпан
Тәуелсіздік және отаншылдыққазан, наурыз

Апта сайын

  • «Менің Қазақстаным» — аптаның бірінші сабағында Әнұран
  • «Апта дәйексөзі»
  • «Қауіпсіздік сабағы» — сынып сағатында 10 минут

Күн сайын

  • «Өнегелі 15 минут» — ата-ана баласымен әңгімелеседі
  • «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы»
  • «Үнемді тұтыну»
  • «Күй күмбірі» — қоңыраудың орнына күй

Жобалар

Мектеп өзі таңдайтын жобалар тәрбие сағаттарымен байланысады: сағатта тақырыпты талқылайсыз, жобада іске асырасыз.

  • «Оқуға құштар мектеп»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Заң мен тәртіп»
  • «Қамқор»
  • «Үнемді тұтыну»
  • «Еңбегі адал жас өрен»
  • «Ұлттық ойын»

Құқықтық курс тәрбие сағаттарында

СыныптарКурс
5–7Конституция негіздері
8–11Заң мен тәртіп

Сынып жетекшісінің құжаттары

Тәрбие сағаттары — сынып жетекшісі жұмысының бір бөлігі ғана. № 130 бұйрық бойынша ол жүргізетін құжаттар:

ҚұжатҚашанНәтижесі
Сыныптың тәрбие жұмысының жоспарыоқу жылы басталғанға дейінЖоспар, іс-шара материалдары, тәрбие жұмысының талдауы
Сыныптың әлеуметтік паспортықыркүйек–қазанҰБДҚ-да (НОБД) толтырылады
Ата-аналармен жұмысоқу жылы бойыАта-аналар жиналысының хаттамалары
Сынып журналыүнеміЭлектрондық журнал
Үлгерім табельдері, жеке істоқсан және жыл соңында

Тәрбие сағатын 2 минутта жасау

Тақырып пен сыныпты таңдаңыз — «Менің сыныбым» сағаттың жоспарын жасайды: мақсаты, кезеңдер минутымен, мұғалім мен оқушылардың әрекеті, рефлексия және ата-аналарға хабарлама.

  • Жоспар Word-та
  • Презентация, тақтадағы ойын және рефлексия — бір жерде
  • «Адал азамат» сағаттарының есебі аттестацияға
Тегін тіркелу

Сынып жетекшісіне тағы

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Тәрбие сағаты аптасына неше рет өтеді?

Сынып сағаты аптасына бір рет өтеді — бұл сынып жетекшісінің міндеті (Сынып жетекшілігі туралы ереже, БҒМ-нің № 18 бұйрығы). Оның 10 минуты — «Қауіпсіздік сабағы».

Айдың құндылығын қайдан білемін?

«Адал азамат» бағдарламасында әр айға бір құндылық бекітілген. Жоғарыдағы кестеде — қыркүйектен мамырға дейін барлығы, ағымдағы ай бөлек көрсетілген.

Тақырып тізімде жоқ болса не істеймін?

Айдың құндылығын алып, өз тақырыбыңызды жазыңыз. «Менің сыныбым» кабинетінде кез келген тақырыпқа жоспар жасалады — сынып пен ұзақтығын көрсетсеңіз жеткілікті.

Бір тақырыпты бірнеше сыныпта өткізуге бола ма?

Иә. Әр тақырыптың бетінде «Қай сыныптарға» бөлімі бар: кіші және үлкен сыныптарда нені өзгерту керегі жазылған.

Тәрбие сағатының ҚМЖ-сы міндетті ме?

Тәрбие жұмысының жоспарын, іс-шара материалдарын және талдауын сынып жетекшісі жүргізеді (№ 130 бұйрық, 3-қосымша). Нысанын мектептің сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігі анықтайды.

Өткізілген сағаттар аттестацияға есептеле ме?

Аттестацияның пилоттық ережесінде «Адал азамат» бойынша сабақтан тыс іс-шаралар сағаттары ескеріледі. Кабинетте өткізілген сағаттар автоматты түрде саналады.