Bilim Plus-қа кіру
Bilim Plus-та үш кіру бар: сынақ тесттері бар сайт, Bilim Мектеп мектеп кабинеті және Bilim Plus Ұстаз мұғалім кабинеті. Аккаунттары бөлек — өзіңізге керегін таңдаңыз.
Мектеп логині есіңізде жоқ па — сынып жетекшісіне не мектеп әкімшісіне жазыңыз. Аккаунт жоқ па:Bilim Plus Ұстаз — тегін
Маған қай кіру керек
- ҰБТ-ға, ПББ-ға, НЗМ-ге, магистратураға өзім дайындаламын
- Bilim Plus сайты — «Сайтқа кіру» батырмасы.
- Мектеп логин мен құпиясөз берді
- Bilim Мектеп — «Оқушы» қойындысы. Онда өзіңіз тіркеле алмайсыз.
- Мұғаліммін, ҚМЖ, презентация, Зертхана керек
- Bilim Plus Ұстаз — мұғалім кабинеті. Тіркелу тегін, карта керек емес.
- Директор не орынбасар мектепті қосады
- Bilim Мектеп — «Мектеп өкілі» қойындысы.
Мектеп оқушысы қайда кіреді
Мектеп оқушысы school.bilim-plus.kz сайтына «Оқушы» қойындысы арқылы кіреді — мектеп берген логин мен құпиясөзбен.
Логинді не құпиясөзді ұмытсаңыз — сынып жетекшісіне не мектеп өкіліне жазыңыз: олар логиніңізді көреді және жаңа құпиясөз қояды. Bilim Plus қолдауы оқушы құпиясөзін өзгертпейді.
Құпиясөзді ұмыттым
- Сайтта «Сайтқа кіру» басыңыз, кіру терезесінде — «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?».
- Тіркелген email-ды енгізіңіз.
- Хаттағы сілтемені ашып, жаңа құпиясөз қойыңыз.
Хат келмесе — «Спам» папкасын қараңыз. Сілтеме бір рет жұмыс істейді; мерзімі өтсе, қайта сұраңыз.
Kundelik арқылы кіруге бола ма
Жоқ, сайтта Kundelik арқылы кіру жоқ. Аккаунт бұрын Kundelik арқылы ашылса, email-мен кіріп, құпиясөзді «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» арқылы қойыңыз.
Кіре алмай жүрсіз бе
Қадамдық жауаптар — «Нұсқаулық» бөлімінде. Көмектеспесе — байланыс бетінде бізге жазыңыз.