Bilim Plus нұсқаулығы
86 сұраққа жауап: тіркелу, тесттер, ҰБТ, төлем, Bilim Ұстаз, Bilim Мектеп. Әр жауапта — қадамдар мен батырмалар.
86 сұраққа жауап — қадамдарымен.
Мен —
Жиі қойылатын сұрақтар
- 1Тарифті таңдап, «Сатып алу» басыңыз (алдымен аккаунтқа кіріңіз).
- 2Оферта мен қайтару саясатымен келісімді белгілеп, Kaspi.kz таңдаңыз.
- 3QR-кодты Kaspi.kz қосымшасымен сканерлеңіз (телефонда — Kaspi батырмасы).
- 4Тариф сомасын дәл енгізіп, «Жалғастыру» басыңыз.
- 5«Сатушыға хабарлама» өрісіне аккаунтыңыздың email-ын жазып, төлемді растаңыз.
- 6Сайтқа оралып, «Төлемді растау» басыңыз. Менеджер жұмыс уақытында әдетте 5 минутта ашады.
Kaspi PDF-чегін чат-көмекшіге жіберуге болады — оператор төлемді тексеріп, қолжетімділікті ашады, әдетте жұмыс уақытында 5 минутта.
- Төлеген аккаунтқа кіргеніңізді тексеріңіз: оң жақ жоғарыда «Кіру» емес, профиль белгішесі тұруы керек.
- Kaspi PDF-чегін чат-көмекшіге жіберіңіз — оператор төлемді тексеріп, қолжетімділікті ашады.
- «Төлемді растау» басқан болсаңыз — менеджер жұмыс уақытында (Дс–Сб, 09:00–18:00) 5 минутта ашады, ашылғанда чатқа хабар келеді.
- Чек жоқ не сома сәйкес келмесе — көмекші сұрақты операторға береді, оператор 10 минут ішінде осы чатта жауап береді.
- 1Басты беттегі «Емтихан таңдау» немесе мәзірден санатты ашыңыз (мысалы, «Орта мектеп педагогтеріне ПББ»).
- 2Пәнді, қажет болса сыныпты не турды таңдаңыз.
- 3Тест тілін таңдаңыз: қазақ не орыс.
- 4«Тестілеуді бастау» басыңыз. Кірмеген болсаңыз — тіркелу терезесі ашылады, тіркелгеннен кейін тест өзі басталады.
Тест бастау үшін санатыңыздың тарифі керек. Тариф жоқ болса — «Сынақ тестілеуден өту» тегін.
- 1«Кіру» терезесінде «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз.
- 2Аккаунт email-ын енгізіңіз.
- 3Хаттағы сілтемені ашып, жаңа құпия сөз қойыңыз.
Хат келмесе — «Спам» папкасын қараңыз. Сілтеме бір рет жұмыс істейді; мерзімі өтсе, қайта сұраңыз.
Мектеп порталының оқушысы құпия сөзді өзі қалпына келтірмейді — оны сынып жетекшісі не мектеп өкілі қояды.
- Диагностика — 7 күнде бір рет, тіркелусіз де.
- Алғашқы толық сынақ.
- Алғашқы пән (бөлім) тесті.
- «Грантқа жол» — грантқа қанша балл жетпейтіні.
Қалғаны — «Оқушыларға» тарифі бойынша.
Орта мектеп педагогтерінемектеп мұғалімдері — пән + әдістеме, 36 пән
Тәжірибесі жоқ кандидаттаржұмысқа жаңа кіретін педагогтер
Мектепке дейінгі педагогтербалабақша тәрбиешілері
Ұйым басшыларынадиректорлар мен орынбасарлар — заңнама
Әдіскерлергеәдістемелік кабинеттердің әдіскерлері
Қосымша білім беруинтернат пен жатақхана тәрбиешілері
Педагог-ассистенттертәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер
Арнайы педагогикадефектологтар, логопедтер
2026 жылы мектеп педагогінің пән тесті — 50 тапсырма, 80 минут (математика, физика, химия, информатика — 125 минут). Шекті балл санатқа байланысты: педагог — 50 %, модератор — 60 %, сарапшы — 70 %, зерттеуші — 80 %, шебер — 90 %.
- 1bilim-plus.kz/ustaz бетінде «Тегін бастау» басыңыз.
- 2Аты-жөн, email, құпия сөз енгізіңіз.
- 3Кабинет ашылады — 7 күн тегін.
Кейін кіру — сол беттегі «Кабинетке кіру». Bilim Ұстаз кабинеті мектеп аккаунтынан бөлек.
- 1school.bilim-plus.kz → «Мектеп өкілі» қойындысы → «Мектепті тіркеу».
- 2Мектеп атауы, байланыс, email, құпия сөз.
- 3Кабинет бірден демо-режимде ашылады (шектеулермен).
- 4«Мектеп жазылымы» бөлімінде «Пилот сұрау» — 30 күн тегін.