Бастау

Тіркелу, кіру, құпия сөз, тіл · 9 сұрақ

Bilim Plus деген не?

Bilim Plus — емтиханға дайындық пен сабаққа арналған қазақстандық экожүйе. Интерфейс — қазақ және орыс тілінде.

Сынақ тесттерҰБТ, ПББ (ОЗП), НЗМ, БИЛ, МОДО, ММА, магистратура — қателерді ЖИ талдайды
ҰБТ-2026ҰТО 2026 спецификациясы бойынша өз банкіміз — bilim-plus.kz/ent
Bilim Ұстазмұғалімге ЖИ-кабинет: ҚМЖ, презентация, БЖБ/ТЖБ, жұмыс парағы
Bilim Мектепмектепке платформа: оқушылар, ҰБТ сынақтары, есептер
Маркет және кітапханаҰБТ нұсқаларының жинақтары, тегін симуляциялар мен тапсырма талдаулары
Көмектесті ме?

Маған не сәйкес келеді?

Кім екеніңізге қарай:

ОқушыҰБТ, НЗМ, БИЛ, МОДО, ММА — «Оқушыларға» тарифі
Студентмагистратураға түсу емтиханы — «Студенттерге» тарифі
Педагог, аттестацияПББ (ОЗП) тесттері — «Ұстаздарға» тарифі
Сабаққа дайындалатын мұғалімBilim Ұстаз — ЖИ-құралдар, 7 күн тегін
Мектеп әкімшілігіBilim Мектеп — 30 күндік тегін пилот
Ата-анабаланың аккаунтына «Оқушыларға» тарифін төлейсіз
Көмектесті ме?

Қалай тіркелемін?

Тіркелу бір минут алады.

  1. 1Сайттың жоғарғы оң жағындағы «Кіру» батырмасын басыңыз.
  2. 2«Тіркелу» бетіне өтіңіз.
  3. 3Email мен құпия сөзді (екі рет) енгізіп, келісімді белгілеңіз.
  4. 4Поштаға келген хаттағы сілтеме арқылы email-ды растаңыз.
  5. 5Немесе Google не Яндекс батырмасымен бір рет басып тіркеліңіз — пошта бірден расталады.
Тестті бастағанда тіркелсеңіз, тіркелгеннен кейін тест өзі жалғасады.
Көмектесті ме?

Қалай кіремін?

«Кіру» → email мен құпия сөз, немесе Google, Яндекс. Kundelik арқылы кіру сайтта жоқ: аккаунт бұрын Kundelik арқылы ашылса, email-мен кіріп, құпия сөзді «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» сілтемесі арқылы қойыңыз.

Көмектесті ме?

Құпия сөзді ұмыттым

  1. 1«Кіру» терезесінде «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз.
  2. 2Аккаунт email-ын енгізіңіз.
  3. 3Хаттағы сілтемені ашып, жаңа құпия сөз қойыңыз.
Хат келмесе — «Спам» папкасын қараңыз. Сілтеме бір рет жұмыс істейді; мерзімі өтсе, қайта сұраңыз.
Мектеп порталының оқушысы құпия сөзді өзі қалпына келтірмейді — оны сынып жетекшісі не мектеп өкілі қояды.
Көмектесті ме?

Неге аккаунттан шығып кетті?

Бір аккаунтта бір уақытта тек бір кіру жұмыс істейді: басқа құрылғыдан не браузерден кірсеңіз, алдыңғысы жабылады. 30 күн кірмесеңіз де, қайта кіру керек. Бұл — аккаунтты басқаға беруден қорғау.

Көмектесті ме?

Растау хаты келмеді

«Спам» не «Промоакциялар» папкасын қараңыз. Хатты қайта жіберу үшін кіру терезесіндегі «Хатты қайта жіберу» батырмасын басыңыз. Google не Яндекс арқылы кірсеңіз, растаудың қажеті жоқ.

Көмектесті ме?

Тілді қалай ауыстырамын?

Сайттың жоғарғы оң жағындағы «Қаз / Рус» ауыстырғышын басыңыз. Тест тілін тестті бастар алдында бөлек таңдайсыз.

Көмектесті ме?
Жауап таппадыңыз ба?Көмекші тәулік бойы жауап береді: тест табады, тіркейді, төлемге апарады.