Мектептерге
Жоба туралы

Bilim Plus — онлайн тесттер және мұғалімнің ЖИ-кабинеті

Bilim Plus (bilim-plus.kz) — қазақстандық білім беру платформасы: ҰБТ, ПББ, магистратураға КТ, НЗМ, БИЛ, ББЖМ және мемлекеттік қызмет тесттері, мұғалімнің Bilim Plus Ұстаз ЖИ-кабинеті және мектептерге арналған Bilim Мектеп. Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

Қысқаша
250 000+
тест тапсырмасы
100+
мектеп бізбен жұмыс істейді
2 тіл
қазақша және орысша

Bilim Plus-та не бар

Тапсырмаларды қалай құрастырамыз

  1. 1
    Ресми құжаттар бойынша

    Негізі — ҰТО спецификациялары, үлгілік оқу бағдарламалары мен бұйрықтар. Формат, тапсырма саны мен уақыт — нағыз емтихандағыдай.

  2. 2
    Екінші, тәуелсіз тексеру

    Әр тапсырманы жауабын көрмеген тексеруші қайта шығарады. Жауап сәйкес келмесе — тапсырма қайта жазылады.

  3. 3
    Өтініштер бойынша түзетеміз

    Қате таптыңыз ба — тест талдауынан бірден хабарлаңыз. Әр өтінішті қарап, тапсырманы түзетеміз.

Ұқсас атаулармен шатастырмаңыз

Bilim Plus — тәуелсіз жоба. Bilim Group-қа (BilimLand, BilimClass, iTest) және eGov Mobile-дағы «Bilim» сервисіне қатысымыз жоқ. ҰТО сайты да емеспіз: емтиханға тіркелу мен ресми сынақ тестілеу — testcenter.kz сайтында.

Кім жасайды

Bilim Plus Қазақстанда жасалады, команда бүкіл ел бойынша онлайн жұмыс істейді.

Біз әлеуметтік желілерде

Байланыс және деректемелер

ЖК
BILIM PLUS
Телефон және WhatsApp
+7 776 915 2025
Жұмыс уақыты
Күн сайын, 09:00–21:00 (Алматы)

Жиі қойылатын сұрақтар

Bilim Plus — ҰТО-ның ресми сайты ма?

Жоқ. Bilim Plus — дайындыққа арналған тәуелсіз платформа. Емтиханға тіркелу мен ресми сынақ тестілеу — testcenter.kz сайтында.

Тегін байқап көруге бола ма?

Иә, тіркелусіз: диагностика мен аптаның сынақ ҰБТ-сы, емтихандар бойынша шағын тесттер. Bilim Plus Ұстазда тіркелгеннен кейін айына 100 токен беріледі.

Платформа қай тілдерде жұмыс істейді?

Қазақ және орыс тілдерінде — интерфейс те, тапсырмалар да.