Мектептерге
Academic және General Training

IELTS Writing — хатты тексеретін тренажёр

Компьютерлік емтихан форматындағы Task 1 және Task 2: таймер, сөз санағыш, төрт критерий бойынша баға және қателер талдауы.

  • Тапсырмалар ағылшынша, талдау — қазақша
  • Әр критерий бойынша 0–9 band
  • Өз әрекетіңізден кейін band 8 үлгісі
Модуль
ЖОО, магистратура, шетелде оқу

Расталған поштамен кіріңіз — бір тапсырма тексерумен тегін

Тексеруден кейін не көресіз

Әдетте бір минуттан аз: band, төрт критерий, өз сөйлемдеріңіз бойынша түзету және band 8 үлгісі.

МЫСАЛ
МЫСАЛ
Пікір эссесіAcademic · Task 2
Band 6,5

Ұстаным анық, құрылымы жақсы. Екінші дәлелді мысалмен дамытып, артикль мен көпше түрдегі қателерді азайтсаңыз — баға өседі.

Критерийлер
Сұраққа жауапTask Response7

Ұстаным анық: «I disagree that most offices should close». Бірақ екінші дәлел мысалсыз қалған.

Байланыстылық және логикаCoherence and Cohesion7

Әр абзацтың басты ойы бар, байланыстырғыштар орынды. «Moreover» қатар екі абзацта қайталанады.

Сөздік қорLexical Resource6

Сөздер түсінікті, бірақ «important» төрт рет кездеседі. «Face-to-face help» сияқты дәл тіркестер аз.

Грамматика: алуан түрлілігі және дәлдігіGrammatical Range and Accuracy6

Күрделі сөйлемдер бар, бірақ артикль мен көпше түрде қате жиі: «a lot of peoples».

Жақсы шыққаны
  • Кіріспеде ұстаным бірден айтылған
  • Абзацтар логикалық ретпен, әрқайсысының басты ойы бар
  • Қорытынды ұстанымды қайта бекітеді
Не түзету керек
Болды“a lot of peoples can not use internet”
Жақсырақ“many people cannot use the internet”

people — көпше түр, -s жалғанбайды; internet алдында the керек.

Болды“It is very important thing.”
Жақсырақ“This is a crucial point.”

Артикль жоқ, ал «very important» мәтінде қайталанады — дәлірек сөз таңдаңыз.

Не жетпейді

Күрделі жағдайлар мен сайт істен шыққандағы мысал жоқ — бұл дәлел тек аталып өткен.

Шарты

Write about the following topic:

In many countries, people can now use government websites and apps to do things that once required a visit to an office, such as applying for a passport, registering a business or paying taxes. Some people believe that governments should therefore close most of their public service offices.

To what extent do you agree or disagree?

Give reasons for your answer and include any relevant examples from your own knowledge or experience.

Жауапта не болуы керек · Жауап жоспары
Жауапта не болуы керек
  • A clear position on whether most public service offices should be closed, kept the same from the introduction to the conclusion
  • Developed reasons linked to who can and cannot use online services with confidence (for example elderly people, areas with a weak internet connection)
  • Developed reasons linked to what online systems can and cannot handle (complex cases, technical failures) or, if the writer agrees, to savings and efficiency
  • Relevant examples of real services, such as passports, pensions, taxes or registering a business
Жауап жоспары
  1. Introduction: paraphrase the statement; position — disagree that most offices should be closed
  2. Body 1: not everyone can use online services — elderly people, rural areas with a weak connection
  3. Body 2: complex cases need face-to-face help; offices are a back-up when systems fail
  4. Body 3: concession — some offices can be merged and the savings spent on websites and staff
  5. Conclusion: online services should complement offices, not replace them
Пайдалы тіркестер · Жиі кездесетін қателер
Пайдалы тіркестер
move services onlinewith confidencebe left without helpa face-to-face conversationa back-upswitch tocomplement rather than replacevulnerable citizens
Жиі кездесетін қателер
  • Онлайн қызметтің артықшылығын жазып, бөлімшелерді жабу керек пе деген сұраққа жауап бермеу — басты сұрақ жауапсыз қалады
  • «Онлайн — болашақ» деген жалпы ұстаным: бөлімшелердің көбін жабуға келісесіз бе, жоқ па — соны нақты айту керек
  • «Интернетті бәрі пайдалана алмайды» деп қана қою — нақты кім, қандай жағдайда көмексіз қалатынын мысалмен көрсету керек
  • Кіріспеде келісіп, қорытындыда барлық бөлімшені қалдыруды ұсыну — ұстаным эссе бойы өзгеріп кетеді, Task Response 6-дан аспайды

ЖИ бағасы — бағдар: IELTS емтихан алушылары басқаша қоюы мүмкін.

Қалай өтеді

  1. Емтихандағыдай жазасыз

    Таймер, сөз санағыш, автотүзету мен емле тексеруі жоқ. Жоба өзі сақталады.

  2. ЖИ критерийлер бойынша тексереді

    Төрт критерийдің әрқайсысы бойынша 0⁠–⁠9 band және неге дәл осы баға екені.

  3. Қателерді талдайсыз

    Өз сөйлемдеріңіз бойынша «болды → жақсырақ → неге», не жетпейді және band 8 үлгісі.

Academic

ЖОО, магистратура, шетелде оқу
Task 1 · график, кесте немесе процесс20 минут · кемінде 150 сөз
Сызықтық графикБағаналы диаграммаКестеПроцесс
Task 2 · эссе40 минут · кемінде 250 сөз
Пікір эссесіЕкі көзқарасты талқылауҚос сұрақ

General Training

жұмыс, көшу, колледж
Task 1 · хат20 минут · кемінде 150 сөз
Ресми хатЖартылай ресми хатЖеке хат
Task 2 · эссе40 минут · кемінде 250 сөз
Пікір эссесіМәселе және шешімАртықшылығы мен кемшілігіҚос сұрақ
Толық Writing — Task 1 + Task 2, 60 минут, тапсырмалар арасында еркін ауысасыз. Қорытындыда Task 2-нің салмағы екі есе.

Қалай бағалаймыз

Салмағы бірдей төрт критерий, әрқайсысына 0⁠–⁠9 band.

Тапсырманың орындалуы

Task Achievement / Task Response

Task 1: Негізгісі мен салыстыру, шолу, нақты дерек; хатта — мақсат, үн және үш тармақ. Task 2: Сұрақтың барлық бөлігіне жауап, айқын ұстаным, мысалмен дамытылған дәлел.

Байланыстылық және логика

Coherence and Cohesion

Ой тәртібі мен логикасы, азат жолдар, артық емес байланыстырғыштар, түсінікті сілтемелер.

Сөздік қор

Lexical Resource

Сөздің алуан түрлілігі мен дәлдігі, тіркесімі, емле және сөзжасам.

Грамматика: алуан түрлілігі және дәлдігі

Grammatical Range and Accuracy

Жай және күрделі құрылымдар, қатесіз сөйлемдер үлесі, тыныс белгілері.

Тапсырма бағасы — орташасы, 0,5-ке дейін төмен(7 + 7 + 6 + 6) / 4 = 6,5 → Band 6,5
Толық Writing — (Task 1 + 2 × Task 2) / 3(6 + 2 × 6,5) / 3 = 6,33 → Band 6
Жауап ең аз көлемнен қысқа болса (Task 1 — 150 сөз, Task 2 — 250), бірінші критерий 5-тен жоғары емес. Сөзді модель емес, код санайды.

Бұл біздің бағамыз, ресми формула емес

ЖИ бағасы — бағдар: IELTS емтихан алушылары басқаша қоюы мүмкін. Критерийлер — жария сипаттамалардың өз сөзімізбен берілген мазмұны.

Үлгісі бар тапсырма мысалы

Тренажёр тапсырмалары осындай. Үлгі мен талдау өз әрекетіңізден кейін ашылады, мұнда — танысу үшін.

Сызықтық график · кемінде 150

The graph below shows the percentage of adults in one country who used four types of device to go online between 2008 and 2024. Summarise the information by selecting and reporting the main features, and make comparisons where relevant. Write at least 150 words.

Adults using each device to go online, 2008–2024 (%)
020406080100%20082012201620202024
  • Computer (desktop or laptop)
  • Smartphone
  • Tablet
  • Smart TV

Adults could name more than one device, so the figures for each year do not add up to 100%.

Үлгі · band 8 · 188 сөз

The line graph illustrates how the proportion of adults in one country who accessed the internet through four kinds of device changed between 2008 and 2024.

Overall, smartphones replaced computers as the most widely used way of going online, while smart TVs grew steadily throughout the period. Tablets were the only device to rise and then fall in popularity.

In 2008, computers were by far the main device, used by 74% of adults, compared with just 14% for smartphones. Computer use stayed at around three quarters until 2012, but then declined continuously to 52% in 2024. Smartphones, in contrast, saw a dramatic increase: they overtook computers at some point between 2012 and 2016 and reached 94% by the end of the period, meaning that almost every adult used one.

Tablets and smart TVs were barely used at first (1% and 2% respectively). Tablet use climbed rapidly to a peak of 41% in 2016, after which it slipped back to 31%. Smart TVs, meanwhile, showed slower but uninterrupted growth, rising to 30% in 2020 and 43% in 2024, which made them more popular than tablets in the final year.

Үлгі неге осы бағаға лайық

Неге бұл 8 балл: кіріспеден кейін бірден шолу (overview) тұр — онда бірде-бір цифр жоқ, тек үш басты үрдіс айтылған. Деректер жыл-жылымен емес, мағынасына қарай топталған: бір абзацта смартфон мен компьютер, екіншісінде планшет пен смарт-теледидар. Ең маңызды сәттер дәл берілген: смартфон компьютерді қай аралықта басып озды, планшет қай жылы шыңына жетті (2016 жылы 41 %), теледидар планшеттен қашан алға шықты. Салыстыру бөлек тұрмай, сөйлемнің ішіне табиғи кірген (compared with, in contrast, more popular than), өзгеріс әр түрлі етістікпен берілген (declined continuously, climbed rapidly, slipped back). Сөздер қарапайым, бірақ дәл; грамматикасы да алуан түрлі — which, after which, meaning that құрылымдары бар.

Тарифтер

Тариф толық Writing-ті, жеке тапсырмаларды және ЖИ тексеруін ашады. Төлем бір реттік, автотөлем жоқ.

Тарифте:
  • Толық Writing (60 минут) және жеке тапсырмалар
  • ЖИ тексеруі мен толық талдау
  • band 8 үлгісі, жоспар, пайдалы тіркестер
Күнхатты 3 рет тексеру1 390 ₸
Айтәулігіне 3 тексеруге дейін4 890 ₸
3 айтәулігіне 3 тексеруге дейін9 890 ₸

Тегін — расталған поштамен кіргеннен кейін бір тапсырма тексерумен.

Толық Writing екі тексеру алады (Task 1 және Task 2), бос жауап тексеруді жұмсамайды. Пошта расталмаса — тексерусіз, жауап үлгісі бар бір тапсырма.

Жиі қойылатын сұрақтар

Academic пен General Training айырмашылығы қандай?

Task 2 (эссе) екі модульде ұқсас. Task 1 әртүрлі: Academic-те график, кесте, процесс не картаны сипаттайсыз, General Training-те хат жазасыз — ресми, жартылай ресми немесе жеке. Academic оқу үшін, General Training жұмыс пен көшу үшін тапсырылады.

Қанша уақыт және қанша сөз?

Толық Writing — екі тапсырмаға 60 минут. Task 1 — кемінде 150 сөз, шамамен 20 минут; Task 2 — кемінде 250 сөз, шамамен 40 минут. Тренажёрдегі жеке тапсырманың өз таймері бар: 20 немесе 40 минут.

ЖИ бағаны қалай қояды?

IELTS Writing-тің төрт критерийі бойынша — әрқайсысына 0–9 band, түсіндірмесімен. Сөзді модель емес, код санайды; ең аз көлемнен қысқа жауап бірінші критерийді төмендетеді. Баға — бағдар: емтихан алушылар басқаша қоюы мүмкін.

Неге мәтін қоюға болмайды?

Компьютерлік емтиханда өзіңіз жазасыз, емле тексеруі жоқ. Тренажёрде де солай: тек осы өрістен қиылған не көшірілген мәтінді қоюға болады — азат жолдың орнын ауыстыруға болады, дайын мәтін қоюға болмайды.

Не тегін?

Расталған поштамен кіргеннен кейін — ЖИ тексеруі мен толық талдауы бар бір тапсырма (Task 1 немесе Task 2). Пошта расталмаса — тексерусіз, жауап үлгісі бар бір тапсырма. Толық Writing және келесі тексерулер — тариф бойынша.

Тарифте қанша тексеру бар?

Күн — хатты 3 рет тексеру. Ай және 3 ай — тәулігіне 3 тексеруге дейін. Толық Writing екі тексеру алады (Task 1 және Task 2), бос жауап тексеруді жұмсамайды.

Тағы не бар

Бір тапсырмадан бастаңыз

Расталған поштамен кірсеңіз — алғашқы тапсырма тексерумен тегін. Тексеру — әдетте бір минуттан аз.

Бастау