Тегін · тіркелусіз

Сергіту сәті онлайн — сыныппен бірге

Проекторға шығарыңыз: таймер мен дыбыс өзі жүргізеді. 1–11 сынып, тегін және тіркелусіз.

Басыңызды бұрмай, нүктені көзбен қадағалаңыз. 45 секунд.

Сыныпқа және түріне қарай

Әр бетте — 10 дайын жаттығу: не істейді, қанша уақыт, қандай сөз айтылады.

Онлайн сергіту сәті: қалай өткізу

Сергіту сәті — сабақ ортасындағы 1–2 минуттық үзіліс: балалар орнынан тұрады немесе партада отырып қозғалады, көзін, қолын, арқасын демалдырады да, қайтадан жұмысқа кіріседі. Осы беттегі ойнатқыш жаттығуды өзі жүргізеді: экранда команда шығады, уақыт кері санайды, қимыл ауысқанда қысқа дыбыс белгісі естіледі, соңында үш нотадан тұратын белгі «сабаққа ораламыз» дейді.

  1. 1

    Бетті сабақ алдында ашып, проекторға немесе интерактивті тақтаға шығарыңыз. Ойнатқыштың бұрышындағы батырма оны толық экранға ашады.

  2. 2

    «Тұрып» немесе «Отырып» қалпын таңдаңыз: тұрып — қыздыру, көзге және тыныс алу, отырып — көзге, тыныс алу және саусаққа.

  3. 3

    Жаттығуды таңдап, «Бастау» батырмасын басыңыз. Келесісіне өту үшін — «Келесі жаттығу».

  4. 4

    Бет жүктелген соң жаттығулар интернетсіз де жұмыс істейді: сурет те, видео да жоқ, дыбысты браузердің өзі шығарады.

  • Көзге — 45 секунд. Экранда нүкте «сегіз» сызығымен жүреді, балалар басын бұрмай, оны тек көзбен қадағалайды.
  • Тыныс алу 4-7-8 — шамамен 1 минут. 4 секунд дем алу, 7 секунд ұстау, 8 секунд дем шығару; шеңбер ырғақпен үлкейіп-кішірейеді, цикл үш рет қайталанады.
  • Қыздыру — 1,5 минут. Алты қимыл, әрқайсысы 12 секунд: иықты көтеріп-түсіру, басты баяу бұру, білезікті айналдыру, бүйірге еңкею, жоғары созылу, қол-аяқты сілку.
  • Саусаққа — 1 минут. Алты жаттығу, әрқайсысы 10 секунд: жұдырық — алақан, саусақты санап бүгу, сақина, құлып, жаңбыр, қолды сілку. Экрандағы сан бірге санауға көмектеседі.

Қай сыныпқа қандай жаттығу

1–4сыныпСаусаққа және қыздыру

Ойын сияқты, 1 минут. Санап отырамыз, қолды сілкиміз — кішкентайларға ыңғайлы.

5–9сыныпКөзге жаттығу

Тақта мен экраннан кейін — 45 секунд нүктені көзбен қадағалаймыз.

10–11сыныпТыныс алу 4-7-8

Бақылау жұмысы мен ҰБТ сынағы алдында — сынып тынышталады.

Бастауыш сыныпқа (1–4): санамақ пен тақпақ

1–4-сынып оқушылары сөзбен бірге қимылдағанды жақсы көреді: мұғалім тақпақты айтады, балалар қайталап, әр жолға сай қимыл жасайды. Төмендегі тақпақ пен санамақты Bilim Plus өзі құрастырды, саусақ санамағы — халықтық. Сабақта еркін қолдана беріңіз.

Тақпақ «Күнге қарай» — тұрып

Қолымызды көтереміз, Күнге қарай созамыз. Оңға, солға иіліп, Орнымызға отырамыз.

Әр жолға бір қимыл: қолды көтеру, жоғары созылу, бүйірге еңкею, партаға отыру. Екі-үш рет қайталаңыз, әр жолы сәл жылдамырақ.

Санамақ «Бірден сегізге дейін» — тұрып

Бір, екі — тұрып алдық, Үш, төрт — қол соқтық, Бес, алты — секірдік, Жеті, сегіз — отырдық.

Мұғалім санды айтады, сынып қимылмен жауап береді. Сынып үйреніп алған соң сандарды ретсіз айтыңыз — кім шатаспай орындайды?

Саусақ санамағы (халықтық) — отырып

Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

Әр саусақты атап, бірінен соң бірін бүгеміз, сосын керісінше жазамыз. Жазба жұмысынан кейін қолды жақсы босатады; осы беттегі «Саусаққа» жаттығуымен қатар өткізуге болады.

Әнмен сергіту де ұнайды: мысалы, «Бас, иық, тізе» ойынында балалар дененің аталған жерін екі қолымен ұстайды — бас, иық, тізе, аяқ ұшы, сосын көз, құлақ, ауыз, мұрын, — әр айналымда жылдамырақ. Әнді мұғалім өзі айтады немесе қосады: бұл бетте музыка жоқ.

5–11 сыныпқа: көзге, тыныс алу, отырып

Жоғары сыныптарға секіруден гөрі тыныш, бірақ пайдалы жаттығу ыңғайлы. Сабақтың көбі партада, дәптер мен экран алдында өтеді — сондықтан көзге, мойын мен иыққа, тыныс алуға арналған 1–2 минут жеткілікті.

Көзге жаттығу

Ойнатқыштағы нүктені 45 секунд көзбен қадағалау — ең қарапайым нұсқа. Ойнатқышсыз да болады: кезекпен алысқа (терезеге) және жақынға (саусақ ұшына) қарау, көзді жұмып-ашу, алақанды уқалап, жылы алақанмен көзді жабу. Бас қозғалмайды, тек көз жұмыс істейді.

Тыныс алу 4-7-8

Бақылау жұмысы, БЖБ немесе ҰБТ сынағы алдында сынып тынышталсын десеңіз: төртке дейін санап дем алу, жетіге дейін ұстау, сегізге дейін баяу шығару. Ойнатқышта шеңбер ырғақты көрсетеді, үш цикл — бір минуттай.

Отырып, партада

Кабинет тар болса немесе бақылау жұмысы жүріп жатса, орыннан тұрмай-ақ: иықты көтеріп түсіру, басты баяу бұру, білезікті айналдыру, арқаны түзеу. Ойнатқышта «Отырып» қалпын таңдаңыз — онда көзге, тыныс алу және саусаққа жаттығулар ғана.

Музыкалық сергіту сәті

Музыкамен сергітуде балалар әуен ырғағымен қимылдайды: шапалақтайды, орнында адымдайды, қолын көтереді. Бұл беттің ойнатқышында музыка жоқ — тек таймер және дыбыс белгілері: қимыл ауысқанда қысқа шерту, соңында үш нота. Дыбыстарды браузердің өзі шығарады, файл жүктелмейді, сондықтан сабақ ортасында кенеттен жарнама не басқа ән шығып кетпейді.

Әнмен өткізгіңіз келсе, әуенді өзіңіз қосыңыз. Ырғағы қимылға сай болсын: қыздыруға — жылдамырақ, көзге және тыныс алуға — баяу, сөзсіз әуен. Сабаққа дейін тексеріп, дыбысын тым қатты қоймаңыз.

Қашан өткізу керек

Әдетте сергіту сәті сабақтың ортасында, 15–25-минутта өтеді — ұзақ жазба немесе ой жұмысынан кейін, зейін төмендей бастағанда. Бір сергітуге 1–2 минут жеткілікті: ұзарып кетсе, сыныпты қайта жинау қиындайды.

Жазба жұмысынан кейін

Саусаққа жаттығу — қол көзден бұрын шаршайды.

Бақылау жұмысы алдында

Тыныс алу 4-7-8 — сынып тынышталады, зейін жиналады.

Ұзақ сабақтың ортасында

Қыздыру немесе көзге жаттығу — 1–2 минут жеткілікті.

Тақтада өзі еске салады

Bilim Plus Ұстаз кабинетіндегі Тақта — сабаққа арналған экран: таймер, ойындар, Зертхана және сергіту сәті. Сабақ кестесін толтырсаңыз, сергіту сәтін ұмытпайсыз — белгіленген минутта Тақта өзі еске салады.

  1. 1

    Қай сыныптарда еске салу керегін белгілеңіз — 1-ден 11-ге дейін.

  2. 2

    Уақытын таңдаңыз: сабақтың 15, 20, 25 немесе 30-минуты. ҚМЖ-да сергіту кезеңі болса, еске салу соның уақытында келеді.

  3. 3

    Ұзақтығын (1, 2 немесе 3 минут) және қалпын (тұрып, отырып немесе кезекпен) таңдаңыз; жеті жаттығудың керегін белгілеңіз — Барспен бірге «Тау жолы» мен «Барс айтты» да бар.

  4. 4

    Қалай ескерту керегін таңдаңыз: сабақ экранында толық экранмен, кабинетте хабарламамен, дыбыс белгісімен. Уақыт келгенде «5 минуттан кейін» немесе «Бүгін емес» деп кейінге қалдыруға болады.

Баптаулар серверде сақталады: үйде бір рет баптасаңыз, еске салу сынып компьютерінде де келеді.

Барспен бірге — мұғалім кабинетінде

Сергіту, ойындар және Зертхана — бір Тақтада

Сабақтың керек минутын таңдаңыз — Тақта өзі ашады. 22 виджет, ойындар және Зертхана — әрқашан тегін.

Тегін тіркелу

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Әдетте сабақтың ортасында, 15–25-минутта — ұзақ жазба жұмысынан немесе ой еңбегінен кейін. 1–2 минут жеткілікті.