Bilim Мектеп

Мектепке: қосылу, пилот, ҰБТ сынақтары · 8 сұрақ

Bilim Мектеп мектепке не береді?

  • Оқушылар мен сыныптар — Excel-ден импорт, логиндер өзі жасалады.
  • ҰБТ сынақтары онлайн да, қағазда да — бланк пен сканды тексеру автоматты.
  • МОДО, ММА, контрольдық тесттер, тағайындау.
  • 4 есеп Excel мен Word-та, аналитика: кім артта қалды.
  • Сабақта — Live Quiz, ойындар, зертхана; деректер бойынша ЖИ-көмекші.
Көмектесті ме?

Мектепті қалай қосамыз?

  1. 1school.bilim-plus.kz → «Мектеп өкілі» қойындысы → «Мектепті тіркеу».
  2. 2Мектеп атауы, байланыс, email, құпия сөз.
  3. 3Кабинет бірден демо-режимде ашылады (шектеулермен).
  4. 4«Мектеп жазылымы» бөлімінде «Пилот сұрау» — 30 күн тегін.
Көмектесті ме?

Пилотқа не кіреді?

30 күн толық қолжетімділік, 300 оқушыға дейін. «Пилот сұрау» батырмасынан кейін әкімші қосады.

Көмектесті ме?

Оқушыларды қалай жүктейміз?

Оқушылар → Excel-ден импорт: Excel үлгісін жүктеп алып, толтырып, қайта жүктейсіз. Әр оқушыға логин мен құпия сөз өзі жасалады — тізімді басып шығарып таратасыз.

Көмектесті ме?

Сынып жетекшісін қалай қосамыз?

Қызметкерлер бөлімінде қызметкерді қосып, «Сынып жетекшісі» рөлін және сыныбын таңдаңыз, логин мен құпия сөз беріңіз. Ол «Мұғалім» қойындысынан кіреді: өз сыныбы, оқушыларды қосу, ҰБТ сынақтары, МОДО, ММА, сабақта ойындар мен зертхана.

Көмектесті ме?

ҰБТ сынағын қалай тағайындаймыз?

  1. 1ҰБТ-тесттер → ҰБТ-тест тағайындау: сыныптар, пәндер, күн мен уақыт.
  2. 2Онлайн: оқушылар өз кабинетінде тапсырады.
  3. 3Қағазда: бланктерді PDF басып шығарып, толтырылғанын сканерлеп жүктейсіз — тексеру автоматты.
  4. 4Нәтижелер, Excel және сынып есебі — сол бетте.
Көмектесті ме?

Мектепке қанша тұрады, қалай төлейміз?

Негізгі тариф — 30 оқушыға дейін19 990 ₸ / ай
Стандарт тарифі — 60 оқушыға дейін39 990 ₸ / ай
Кеңейтілген тариф — 100 оқушыға дейін59 990 ₸ / ай
— — — оқушыға дейін— / ай

Шот пен шартты өзіңіз жасайсыз: «Мектеп жазылымы» → тариф → «Шот бойынша төлеу» (1–12 ай). 12 ай кез келген тариф бойынша 500 АЕК-тен аспайды — мемлекеттік мектеп бір көзден тікелей сатып ала алады. Оқушы санына шаққанда — тиын.

Көмектесті ме?

Мектеп кабинетіне кім кіреді?

Мектеп өкілі (директор, орынбасар) — «Мектеп өкілі» қойындысы; сынып жетекшілері — «Мұғалім» қойындысы, мектеп берген логинмен; оқушылар — «Оқушы» қойындысы.

Көмектесті ме?
Жауап таппадыңыз ба?Көмекші тәулік бойы жауап береді: тест табады, тіркейді, төлемге апарады.