Мектептерге

Bilim Plus Ұстаз

Мұғалімге ЖИ-құралдар · 18 сұрақ

Мұғалімнің сабаққа дайындығына арналған ЖИ-кабинет: бір тақырыптан — бүкіл сабақ.

ЖоспарлауҚМЖ, КТЖ
Сабаққа материалпрезентация, раздатка, жұмыс парағы, суреттер
БағалауБЖБ/ТЖБ, тест, ашық тапсырмалар, сканер — фотодан тексеру
Құжаттарэссе, мақала, портфолио
СабақтаТақта (22 виджет), Ойындар (тақтада 10 · телефонмен 8), Сауалнама, Зертхана (190+ симуляция)
Медиа студияозвучка, тыңдалым, бейнесабақ, мультфильм, ән, комикс, 3D
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  1. Төмендегі «Тегін бастау» батырмасын басыңыз (не bilim-plus.kz/ustaz → «Тегін бастау»).
  2. Аты-жөн, email, құпия сөз енгізіңіз — не Google арқылы бір басумен.
  3. Кабинет бірден ашылады: 50 токен тегін, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100.

Кейін кіру — ustaz.bilim-plus.kz → «Кіру». Bilim Plus Ұстаз — жеке кабинет: мектептің қосылуы шарт емес, мектеп аккаунтынан бөлек.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Bilim Plus Ұстаз — өзіңізге арналған жеке кабинет. Мектептің Bilim Мектепке қосылуы, мектеп берген логин не рұқсат керек емес: email-мен бір минутта өзіңіз тіркелесіз, тегін.

  • Практика сабағына ҚМЖ — сынып, пән, тақырып, 1–2 минутта, Word не PDF.
  • Презентация, жұмыс парағы (QR арқылы онлайн), БЖБ/ТЖБ, раздатка.
  • Сабақта — тақтаға ойындар (оқушыға телефон керек емес), Live Quiz, сауалнама, зертхана.
  • Аттестацияға портфолио мен эссе.
  1. Төмендегі «ҚМЖ жасау — тегін» батырмасын басыңыз.
  2. Аты-жөн, email, құпия сөз енгізіңіз (не Google арқылы) — кабинет бірден ашылады.
  3. Сынып, пән мен тақырыпты таңдап, «Жасау» басыңыз.
Bilim Мектеп — мектеп әкімшілігіне (бүкіл мектепті қосу үшін), мұғалім оған өзі тіркелмейді. Сізге — Bilim Plus Ұстаз.
Жұмысқа орналасар алдында ПББ тапсырасыз ба — сайтта «Тәжірибесі жоқ кандидаттар» санатының тесттері бар (тарифі бөлек — «ПББ тесттері»).
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Тіркелген бойдаБірден 50 токен (≈ 1 ҚМЖ), карта керек емес
Поштаны растаған соң, тарифсізТағы 50 — барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), медиасыз, мерзімсіз
Тариф, әр 30 күнгеБазалық — 1 000 токен (≈ 33 ҚМЖ), Стандарт — 1 800 (≈ 60), Про — 3 200 (≈ 106)

Әр құрал токенмен есептеледі: ҚМЖ — 30, БЖБ/ТЖБ — 30, презентация — 30, жұмыс парағы мен тест — 15, сурет — 5, слайдты, сұрақты не кезеңді қайта жазу — 5, БЖБ тапсырмасын, эссе бөлігін қайта жазу, қосымша тапсырмалар — 10. ҚМЖ-ны басқа сыныпқа не күнге көшіру — тегін. Тегін қордың токені тарифке ауыспайды — тарифтің өз қоры бар.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Базалық — 1 000 токен (≈ 33 ҚМЖ)ай 3 990 ₸ · жыл 31 990 ₸
Стандарт — 1 800 токен (≈ 60 ҚМЖ)ай 5 990 ₸ · жыл 47 990 ₸
Про — 3 200 токен (≈ 106 ҚМЖ)ай 9 990 ₸ · жыл 79 990 ₸

Токендер әр 30 күнге беріледі, жылдық тариф — 12 ай 8 айдың бағасымен. Төлем — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде, «Тариф» бөлімінде (сайттағы аккаунт кабинетке кірмейді). Бір рет төлейсіз, автотөлем жоқ. Тарифті 90 күнге дейін мұздатуға болады. ПББ тесттері бұл тарифке кірмейді — оларға «ПББ тесттері» тарифі.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  1. Bilim Plus Ұстаз кабинетінде ЖИ-құралдар → ҚМЖ ашыңыз. Кабинет жоқ болса — төмендегі батырма: тіркелгеннен кейін ҚМЖ өзі ашылады.
  2. Сынып, пән, тоқсан, тақырыпты таңдаңыз — оқу мақсаттары өзі шығады.
  3. Қажет болса сабақ түрін, әдістерді, сараланған тапсырмаларды белгілеңіз.
  4. «Жасау» басыңыз — 1–2 минутта дайын.
  5. Кез келген кезеңді өңдеңіз не ЖИ-ге қайта жасатыңыз, Word не PDF ретінде жүктеңіз.
Тіркелу тегін: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы айына 100 (≈ 3 ҚМЖ). Мектептің қосылуы шарт емес.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  1. ҚМЖ формасында «Қосымша» ашыңыз — онда «Жұмыс түрлері»: Топтық, Жұптық, Жеке, Бүкіл сынып.
  2. «Топтық» белгісін алып, керегін белгілеңіз: мысалы, «Бүкіл сынып» пен «Жеке». Біреуі әрдайым белгіленіп тұрады; таңдау келесі ҚМЖ-ға да сақталады.
  3. Тілекке сөзбен де жазуға болады: «топқа бөлмей», «сынып бірге жұмыс істейді», «тек жеке жұмыс» — тілек белгіден маңызды, жоспарда топ болмайды.
ҚМЖ дайын, ал топтық тапсырма керек емес пе — бүкіл жоспарды қайта жасамаңыз: құжат астындағы «Жұмыс түрлері» (10 токен) — «Бүкіл сынып» не «Жеке» белгілеңіз, ЖИ басқа түрдегі тапсырмаларды ғана қайта жазады. Бір кезең — «Қайта жазу» (5). Сол ҚМЖ-ны бір тәулік ішінде қайта жасау — жарты бағасы, 15 токен, қатарынан үш ретке дейін; одан кейін «Жаңадан жасау» — толық бағамен.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Bilim Plus Ұстаз кабинетінде ЖИ-құралдар → Презентация: тақырып, сынып, слайд саны. Дайын презентацияны тақтаға бірден шығарасыз не PowerPoint (PDF) ретінде жүктейсіз. Ұнамаған бір слайдты ғана қайта жасауға болады.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Bilim Plus Ұстаз кабинетінде ЖИ-құралдар → БЖБ/ТЖБ: пән, сынып, тоқсан — оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар, дескрипторлар мен балл кестесі. Word не PDF ретінде жүктейсіз.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Bilim Plus Ұстаз кабинетінде ЖИ-құралдар → Жұмыс парағы: A/B/C деңгейлері. «Онлайн толтыру» қоссаңыз, парақта QR шығады — оқушы телефонмен тіркелусіз толтырады, жабық тапсырмалар бірден тексеріледі, нәтижелер кабинетке түседі.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Bilim Plus Ұстаз кабинетінде ЖИ-құралдар → Сканер: жұмыстың суретін түсіріңіз — ЖИ дескрипторлар бойынша балл мен пікір ұсынады, соңғы шешім — сізде.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Тақырыптан: озвучка, тапсырмалы тыңдалым, аудиосабақ, есте сақтауға ән, презентациядан бейнесабақ, мультфильм, сөйлейтін кейіпкер, комикс, 3D модель. Дайынын жүктейсіз не оқушыға сілтеме/QR арқылы бересіз (bilim-plus.kz/m/…, тіркелусіз).

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  • Тақта — 22 виджет: таймер, қоңырауға дейін уақыт, дөңгелек, командалар есебі, сурет салу, құжат-камера, математика құралдары.
  • Ойындар — екі түрі. «Тақтада · телефонсыз» — 31 ойын: викторина (сұрақ пен нұсқалар, дұрыс жауап бергендерді атымен не командамен белгілейсіз, соңында сынып рейтингі), табло, бәйге, арқан тарту, алтын баспалдақ, сөз барабаны, ыстық орындық, жұбын тап, ретімен қой, тұр — отыр, сейф, киіз үй, бәйтерек, сөзжұмбақ (кроссворд), сөз іздеу, бинго және т.б. Сыныпты таңдайсыз — сұрақтар сол сыныпқа: 4 — ММА, ББЖМ; 5–8 — мектеп банкі; 9 — ММА, ББЖМ, банк; 10–11 — ҰБТ, банк; кез келген сыныпқа ЖИ тақырыппен құрастырады (тарифпен 30 күнде 30 ойын тегін, одан әрі — 15 токен) не өзіңіз жазасыз. Оқушыға телефон керек емес. «Телефонмен» — 9 режим: Live Quiz, командалық шайқас, кім бірінші, эстафета, дуэль т.б., оқушылар bilim-plus.kz/quiz/join арқылы кодпен кіреді.
  • Үйге ойын · QR — сол сұрақтар сілтеме бойынша аркадаға айналады (раннер, ғарыш, мұнара, шахта): оқушы үйде телефонмен ойнайды, нәтижесі сізге келеді. Ойынның түрін кейін ауыстыру мүмкін емес. Сол сұрақтарды сабақта ойнау үшін «Ойындар» → «Үйге» → ойынды ашып, «Сабақта ойнату» басыңыз да, тақтадағы ойынды таңдаңыз (Викторина, Бәйге, Тақырып табло т.б.): сұрақтар «Өзім жазамын» тізіміне түседі, оларды түзетуге болады.
  • Сауалнама мен рефлексия — оқушы телефонмен жауап береді (bilim-plus.kz/poll).
  • Зертхана — 190+ интерактивті симуляция.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

3D сахналарға WebGL2 арқылы бейнекарта керек. Хабарлама браузер оны бермегенін білдіреді. Көбіне ескі мектеп компьютерлерінде, аппараттық жеделдету өшірулі болғанда, қашықтағы жұмыс үстелі арқылы және ескі интерактивті тақталарда болады. Оң жақтағы карточкалар, графиктер мен тапсырмалар бәрібір жұмыс істейді.

  1. Браузерде chrome://gpu ашыңыз (Яндекс Браузерде — browser://gpu), WebGL2 жолын табыңыз. «Hardware accelerated» болмаса — келесі қадамдар.
  2. Баптаулар → Жүйе → аппараттық жеделдетуді қосып, браузерді қайта ашыңыз.
  3. Браузер мен бейнекарта драйверін жаңартыңыз (Windows-та — «Жаңарту орталығы» не ноутбук өндірушісінің сайты арқылы).
  4. Көмектеспесе — сабақты басқа компьютерден не ноутбуктан ашып, экранын тақтаға шығарыңыз.
Компьютер мектептікі болып, баптаулар жабық болса, осы жауапты жүйелік әкімшіге көрсетіңіз.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

Әріптес сіздің сілтемеңіз арқылы тариф төлесе — сізге +400 токен (≈ 13 ҚМЖ), әр әріптес үшін. Токендер күймейді, тарифсіз де жұмсалады. Мектеп сіздің хатыңыз арқылы Bilim Мектепке қосылса — сізге бір жыл тегін.

Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  1. Bilim Plus Ұстаз кабинетінде Дайындау → ЖИ көмекші ашыңыз. Кабинет іздеуінде кез келген сұрақтың бірінші жолы — «ЖИ көмекшіден сұрау».
  2. Экранда «Кесте» бойынша жақын сабағыңыз көрінеді. «Сабақты қосу» арқылы нақты сабаққа сұрақ қоюға болады.
  3. Жауап шыққаннан кейін «ҚМЖ жасау», «Презентация» не «Тест» батырмасын басыңыз — сабақ тақырыбы өзі қойылады.
  4. ҚМЖ беті мен шапкасында «ЖИ көмекшіден сұрау» батырмасы бар: жауаптағы идеяны бір басумен ҚМЖ кезеңіне енгізуге болады.
Жазылыммен — күніне 30 сұрақ. Жазылымсыз — алғашқы сұрақтан бастап 3 күндік демо, күніне 10 сұрақ. «ҚМЖ-ға қосу» токенмен есептеледі, бағасы бетте көрсетіледі. Тариф пен төлем туралы сұрақ қолдау чатына бағытталады және лимитті жемейді.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

  1. Bilim Plus Ұстаз кабинетінде Сыныптар мен кесте бөлімін ашыңыз: әр сынып плитка — оқушы саны, пәндер, аптадағы сабақ, талдаудың дайындығы.
  2. Жаңа сынып қосу үшін Kundelik не журналдан тізімді қойыңыз: саны, қайталанғандар көрінеді, шек — 60 оқушы.
  3. Тізімді бір рет қосасыз — Тақта, БЖБ/ТЖБ және Тоқсан талдауы оны өзі алады.
  4. Тоқсан аяқталғанда жоғарыда «Тоқсан талдауы» батырмасы шығады. Телефонда бәрі төменнен ашылатын парақтармен жұмыс істейді.
Бөлім тегін. Сабақ кестесі «Кесте» бөлімінде: өзі сақталады, қоңырау уақыты — дайын үлгімен.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу

bilim-plus.kz/salary-calculator — жүктеме (сағат), санат, ауылдық үстеме, сынып жетекшілігі, дәптер тексеру, кабинет бойынша есептеп, зейнетақы жарнасы, медсақтандыру мен табыс салығын шегергенде қолға тиетін соманы көрсетеді. Тегін, тіркелусіз.

Мұғалімсіз бе? Bilim Plus Ұстаз ҚМЖ мен презентацияны 1–2 минутта жасайды — тіркелу тегін.
Көмектесті ме?
Жауапты бөлек ашу