Зертхана: «3D қолжетімсіз: браузер WebGL бермеді»
3D сахналарға WebGL2 арқылы бейнекарта керек. Хабарлама браузер оны бермегенін білдіреді. Көбіне ескі мектеп компьютерлерінде, аппараттық жеделдету өшірулі болғанда, қашықтағы жұмыс үстелі арқылы және ескі интерактивті тақталарда болады. Оң жақтағы карточкалар, графиктер мен тапсырмалар бәрібір жұмыс істейді.
- Браузерде chrome://gpu ашыңыз (Яндекс Браузерде — browser://gpu), WebGL2 жолын табыңыз. «Hardware accelerated» болмаса — келесі қадамдар.
- Баптаулар → Жүйе → аппараттық жеделдетуді қосып, браузерді қайта ашыңыз.
- Браузер мен бейнекарта драйверін жаңартыңыз (Windows-та — «Жаңарту орталығы» не ноутбук өндірушісінің сайты арқылы).
- Көмектеспесе — сабақты басқа компьютерден не ноутбуктан ашып, экранын тақтаға шығарыңыз.
Компьютер мектептікі болып, баптаулар жабық болса, осы жауапты жүйелік әкімшіге көрсетіңіз.
Көмектесті ме?