Балабақша тәрбиешісі мен мектепалды сынып педагогіне арналған кабинет. Құжаттар № 130 бұйрықтың нысандарымен жасалады, міндеттер № 499 Үлгілік оқу бағдарламасынан алынады. Тілі — қазақша және орысша.
Bilim Plus Тәрбиеші
Тәрбиешіге: циклограмма, мониторинг, ертеңгілік · 10 сұрақБланктер, жоспар, мониторинг және көп құрал — тегін. Токен тек ЖИ жазатын құжатқа жұмсалады.
- Апталық циклограмма — 80 токен, бүкіл ай бірден (4 апта) — 300
- ҰІӘ технологиялық картасы — 30, ашық ҰІӘ — 90
- Ертеңгілік — 90
- Даму карталарының іс-шаралары — 100 (бүкіл топқа, бір кесінді)
- Ата-аналарға кеңес не жиналыс — 15, хабарландыру — 10
- Бір ұяшықты қайта жазу — 5
Иә. Нысандардың тақырыптары мен жолдары № 130 бұйрықтың 2-қосымшасынан (15.07.2026 № 194-НҚ редакциясы) сөзбе-сөз алынған және Әділеттегі мәтінмен салыстырылған. ҰІӘ міндеттері — № 499 Үлгілік оқу бағдарламасынан.
Жоқ. ЖИ балалардың аты-жөнін, туған күнін және ЖСН-ін алмайды. Жіберер алдында кабинет есімдерді белгімен ауыстырады, ал дайын құжатқа оларды қайта өзі қояды.
- ЖИ тек топтың жасын, балалар санын және деңгейлерді алады
- Тілекке не тақырыпқа жазылған есімді де кабинет жіберер алдында ауыстырады
- Кабинет ЖСН-ді қабылдамайды және сақтамайды: ЖСН бар жол сақталмайды
- Балалар тізімі мониторинг, даму карталары мен ертеңгілік үшін керек, ол сіздің кабинетіңізде сақталады
Бір апта — 80 токен: тегін қор бір аптаға жетеді.
- Циклограмма бөлімін ашыңыз — төмендегі батырма. Тіркелусіз апта үлгісі көрінеді, тіркелу — «Жасау» басқанда.
- Топты көрсетіңіз: жасы мен күн тәртібі (4, 9, 10,5 не 12 сағат) бір рет беріледі, кейін есте қалады.
- Аптаны таңдаңыз. Тақырып «Апта тақырыптарынан» алынады, оны өзгертуге болады.
- Тексеріңіз: 2-нысан (балабақша) не 3-нысан (мектепалды сынып), күн тәртібі, аптаның цитатасы, «Адал азамат», тілі — және «Жасау» басыңыз.
- Кез келген ұяшықты түзетіңіз: қолмен — тегін, «Қайта жазу» — 5 токен, «Ойын қосу» — кітапханадан, тегін.
- Word не PDF жүктеңіз, басып шығарыңыз не WhatsApp-қа жіберіңіз.
Мониторинг — тегін: белгілер, жиынтық, Excel мен Word. Кесінді үшеу — бастапқы, аралық, қорытынды. Ерте жас тобында бастапқы кесінді жүргізілмейді.
- Менің тобым бөліміне балаларды қосыңыз: тізімді WhatsApp-тан қойыңыз не Excel жүктеңіз (.xlsx, 2 МБ-қа дейін). ЖСН сақталмайды.
- Мониторинг бөлімін ашып, кесіндіні бастаңыз. Еске салуды қосуға болады — басталатын күні, сағат 08:00-де.
- Деңгейді белгілеңіз — жоғары, орташа, төмен — өзіңізге ыңғайлы тәсілмен: бала бойынша, өлшем бойынша не кестемен. Телефоннан да болады.
- Бассейн не спорт ойындары жоқ болса, ол өлшемдерді өшіріңіз — жаңа кесіндіге кірмейді.
- Бәрі белгіленген соң «Қатыру» басыңыз. Жиынтық өзі есептеледі, қатыруды алуға болады.
- Excel (бақылау парағы) мен Word (жиынтық есеп) жүктеңіз.
Даму картасы — № 130 бұйрықтың 4-нысаны: бес құзыреттілік және әр кесінді нәтижесіндегі іс-шаралар. I, II, III деңгейлерді кабинет мониторингтің қатырылған кесіндісінен тегін алады.
- Мониторингте кесіндіні жүргізіп, қатырыңыз.
- Даму карталары → «Барлық топқа іс-шаралар»: осы кесіндінің бағаны барлық балаға толады — топқа 100 токен. Толған карталар өзгермейді.
- Кез келген картаны қолмен түзетіңіз — тегін.
- Баланың картасын Word-пен жүктеңіз не бүкіл топқа ZIP алыңыз.
Технологиялық картаны № 130 бұйрық талап етпейді — қалауыңызша. Бір карта — 30 токен.
- Ұйымдастырылған іс-әрекет → Апта қойындысын ашыңыз. ҰІӘ тізімі апта циклограммасынан алынады; циклограмма жоқ болса — «ҰІӘ-ні өзім қосамын».
- ҰІӘ-ні таңдап, «Жасау» басыңыз.
- Картада: мақсаты, міндеттері (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік — айдың «Адал азамат» құндылығы), сөздік жұмыс, билингвальды компонент, кезеңдер кестесі (тәрбиешінің және балалардың іс-әрекеті), күтілетін нәтиже.
- Карта циклограммадағы ұяшыққа байланады. Барлық карта — Техкарталарым қойындысында.
Дайын ертеңгілік — 90 токен: сценарий, әр балаға тақпақ, рөлдер, музыка, ойындар, шақыру, мадақтама.
- Ертеңгілік → Жыл күнтізбесі ашып, мерекені таңдаңыз.
- Күнін, ұл мен қыз санын, ұзақтығын (жасына қарай ұсынылады), кейіпкерлерді, ән мен би санын көрсетіңіз.
- «Жасау» басыңыз.
- Дайын: сценарий, тақпақтар, рөлдер мен музыка, ата-аналарға қазақша және орысша шақыру (сурет, басып шығару, WhatsApp), мадақтама, ата-аналарға алғыс хат, бейдждер.
- Мерекеде «Жүргізуші режимін» қосыңыз.
Ата-аналарға бөлімінде бес қойынды бар.