Тариф таңдалған кезеңге өз санатының барлық тесттерін шектеусіз ашады. Кезең ұзақ болған сайын ай арзандайды.
Тарифтер мен төлем
Бағалар, Kaspi, чек, промокод, қайтару · 13 сұрақТариф тек өз санатын ашады, бірін-бірі алмастырмайды:
- ҰБТ, НЗМ, БИЛ, ББЖМ, ММА → «Оқушыларға»
- Магистратураға КТ → «Магистратура»
- ПББ (ОЗП) → «ПББ тесттері (аттестаттау)» — студент болсаңыз да
- ҚМЖ, презентация, БЖБ жасау → Bilim Plus Ұстаз (ПББ тесттерін ашпайды)
- Тарифті таңдап, «Сатып алу» басыңыз — төлем терезесі ашылады. Кірмеген болсаңыз, терезе поштаны не кіруді сұрайды.
- Мерзімді тексеріп, «Төлеу» батырмасын басыңыз.
- Әр сатып алудың Kaspi-де өз тапсырыс нөмірі болады. Компьютерде QR-кодты Kaspi.kz қосымшасымен сканерлеңіз — сома мен тапсырыс өзі толады; телефонда «Kaspi-ді ашу» басыңыз.
- Kaspi-де «Төлеу» басыңыз. Төлем өткен соң қолжетімділік бірнеше секундта өзі ашылады, терезеде «Дайын» көрінеді — чек жіберудің немесе «Мен төледім» басудың қажеті жоқ.
- Kaspi.kz қосымшасында «Тарих» (История) бөліміне кіріңіз.
- Bilim Plus-қа төлемді ашыңыз.
- «Чекті бөлісу» → PDF ретінде сақтаңыз.
- Сайттағы чат-көмекшіні ашып, 📎 арқылы PDF-ті жіберіңіз.
Әдетте чек керек емес: Kaspi-ге тапсырыс нөмірімен төлесеңіз, қолжетімділік өзі ашылады. Чек тек төлем терезесі Kaspi-ден жауап алмағанда немесе сома сәйкес келмегенде қажет: оператор чекті Kaspi-дағы төлеммен салыстырып, тарифті ашады — әдетте 5 минутқа дейін. Кірмеген болсаңыз — көмекші аккаунт email-ын сұрайды.
- Төлеген аккаунтқа кіргеніңізді тексеріңіз: оң жақ жоғарыда «Кіру» емес, профиль белгішесі тұруы керек.
- Kaspi PDF-чегін чат-көмекшіге жіберіңіз — оператор төлемді тексеріп, қолжетімділікті ашады.
- Тапсырыс нөмірімен (QR немесе «Kaspi-ді ашу») төлесеңіз, қолжетімділік бірнеше секундта өзі ашылады: бетті жаңартып көріңіз. Терезе «Мен төледім» жолын көрсетсе — оны басыңыз, оператор төлемді тексереді, әдетте 5 минутқа дейін.
- Чек жоқ не сома сәйкес келмесе — көмекші сұрақты операторға береді, оператор 10 минут ішінде осы чатта жауап береді.
Тарифтер бөлімінде «Сізде промокод бар ма?» басып, кодты енгізіңіз — жеңілдік бағаға бірден қосылады. Kaspi-дегі тапсырыс сомасы да жеңілдікпен өзі толады.
Профиль → Тарифтік жоспар — белсенді тариф пен аяқталу күні. Кірген болсаңыз, көмекшіден де сұрай аласыз.
Сол санаттың тарифін қайта сатып алыңыз — жаңа мерзім ағымдағы тарифтің соңынан қосылады, күндер жоғалмайды.
Қазір тек Kaspi арқылы. Банк картасымен және баланстан төлеу уақытша жабық. Мектептер шот және шарт бойынша төлейді.
Тарифтер автоматты ауыспайды. Көмекшіге қай тарифті алғаныңызды және қайсысы керек екенін жазыңыз — сұрақ операторға беріледі, оператор 10 минут ішінде ауыстырады.
Иә, егер тариф әлі қолданылмаса (тест басталмаған, генерация жасалмаған, материал жүктелмеген) және төлемнен 3 күнтізбелік күн өтпесе. Платформа біздің кінәмізбен 48 сағаттан артық істемесе де қайтарамыз. Көмекшіге жазыңыз — сұрақ операторға беріледі, оператор 10 минут ішінде жауап береді. Керегі: email, төлем күні мен сомасы, чек. Шешім — 10 жұмыс күніне дейін, ақша сол тәсілмен (Kaspi) қайтады.
Баланың аккаунтына кіріп (немесе оны тіркеп), «Оқушыларға» тарифін сатып алыңыз: төлем терезесінде «Төлем аккаунты» деген жерде баланың email-ы тұрады — қолжетімділік осы аккаунтқа ашылады.