Сынақ тесттер
ПББ, НЗМ, БИЛ, МОДО, ММА, магистратура · 13 сұрақТестті қалай бастаймын?
- 1Басты беттегі «Емтихан таңдау» немесе мәзірден санатты ашыңыз (мысалы, «Орта мектеп педагогтеріне ПББ»).
- 2Пәнді, қажет болса сыныпты не турды таңдаңыз.
- 3Тест тілін таңдаңыз: қазақ не орыс.
- 4«Тестілеуді бастау» басыңыз. Кірмеген болсаңыз — тіркелу терезесі ашылады, тіркелгеннен кейін тест өзі басталады.
Тегін байқап көруге бола ма?
Иә. Әр санат бетінде «Сынақ тестілеуден өту» — бірнеше тапсырма, тіркелусіз. ҰБТ-да — 20 минуттық тегін диагностика, алғашқы толық сынақ пен алғашқы пән тесті де тегін. Bilim Ұстаз — 7 күн тегін.
Қажетті тестті таба алмай жүрмін
Көмекшіге емтихан мен пәнді жазыңыз (мысалы, «ПББ математика» не «НЗМ 6 сынып») — ол тесттің сілтемесін береді. Немесе бірнеше тізімнен таңдаңыз: Оқушыларға / Студенттерге / Ұстаздарға.
ПББ-ның қай санатын таңдаймын?
2026 жылы мектеп педагогінің пән тесті — 50 тапсырма, 80 минут (математика, физика, химия, информатика — 125 минут). Шекті балл санатқа байланысты: педагог — 50 %, модератор — 60 %, сарапшы — 70 %, зерттеуші — 80 %, шебер — 90 %.
Тест қалай өтеді?
- Барлық сұрақ пәндер бойынша торда көрінеді — кез келгеніне өтуге болады, әр пәннің өз есептегіші бар.
- Сенімсіз болсаңыз — сұрақты «Кейін қайту» белгісімен белгілеп, соңында оралыңыз.
- Жауап бірден сақталады. Интернет өшсе — жауап бере беріңіз: байланыс оралғанда жіберіледі.
- Таймер жоғарыда, соңына 10 минут қалғанда ескертеді. Уақыт біткенде тест өзі аяқталады — берілген жауаптардың бәрі есептеледі.
- Аяқтар алдында — жиынтық: қанша сұрақ жауапсыз, қаншасы белгіленген.
- Компьютерде — калькулятор мен толық экран, ← → пернелері сұрақтарды ауыстырады.
- Сұрақтан қате тапсаңыз — «Сұрақта қате бар ма?», тест үзілмейді.
- Тариф мерзімінде әрекет саны шектелмейді.
«Аяқталмаған тест бар» деп шығады
Бір уақытта бір ғана тест жүреді. Оны кабинеттегі «Нәтижелер» бөлімінен «Жалғастыру» батырмасымен сол сұрақтан жалғастырыңыз — жауаптар сақталған. Тест уақыты біткен болса, ол өзі жабылады, жаңасын бастай бересіз.
Нәтижелерім қайда?
Кабинеттегі «Нәтижелер» — барлық тесттер мен балдар, аяқталмаған тест те сонда. ҰБТ, ММА және магистратура нәтижелері — кабинеттегі «Емтихандар» мәзірінде.
Қателерді талдау қалай жұмыс істейді?
Тест біткен соң талдау ашылады: «Қателер», «Жауапсыз» немесе «Барлығы» сүзгісі, әр пән бойынша балл, жартылай дұрыс жауап бөлек белгіленеді. Әр сұрақта — дұрыс жауап пен түсіндірме.
Сұрақта қате бар
Сұрақтың астындағы «Сұрақтағы қатені хабарлау» батырмасын басып, не дұрыс емесін жазыңыз (скрин тіркеуге болады). Әдіскерлер тексеріп, сұрақты түзетеді.
Магистратураға қалай дайындаламын?
Кешенді тестілеу (КТ) форматы, ғылыми-педагогикалық бағыт: шет тілі — 50, ОДАТ — 30, екі бейіндік пән — 30 + 20 тапсырма; 150 балл, 235 минут; шекті балл — 75 (тіл кемінде 25, қалғаны кемінде 7). Bilim Plus-та — ОДАТ пен ағылшын тілі тесттері, бейіндік пәндер топтар бойынша кезең-кезеңімен қосылады.
НЗМ мен БИЛ (КТЛ) тесттері
НЗМ — 1 және 2 тур бойынша сынақтар, БИЛ (КТЛ) — түсу емтиханына сынақ. Санат бетінде турды не сыныпты, тілді таңдап бастайсыз. «Оқушыларға» тарифі ашады.
МОДО мен ММА (мемлекеттік аттестаттау)
4 және 9 сыныптарға арналған сынақ тесттері: МОДО — оқу жетістіктерін сырттай бағалау, ММА — мектептердің мемлекеттік аттестаттауы. ММА — 2026 форматында: 4-сынып — оқыту тілі мен математика, 9-сынып — оқыту тілі, математика және үшінші пән; Қағида бойынша 5–2 баға және әр тапсырманың талдауы. «Оқушыларға» тарифі ашады, әр режимнің алғашқы әрекеті тегін; мектеп Bilim Мектепке қосылса — оқушыға тегін, ММА-ны сыныпқа сынып жетекшісі тағайындайды.