ҰБТ-2026

Диагностика, сынақтар, Грантқа жол · 12 сұрақ

Bilim Plus-та ҰБТ-ға қалай дайындаламын?

  1. 1bilim-plus.kz/ent бетінде тілді және бейіндік пәндер жұбын таңдаңыз.
  2. 220 минуттық диагностикадан бастаңыз — деңгейіңіз бен болжамды баллыңыз шығады.
  3. 3Толық сынақ (120 тапсырма, 240 минут) не пән бойынша тест тапсырыңыз.
  4. 4Әлсіз тақырыптарды жаттықтырғышта пысықтаңыз.
  5. 5Прогрессті Профиль → ҰБТ бөлімінде қадағалаңыз.
Көмектесті ме?

ҰБТ-да не тегін?

  • Диагностика — 7 күнде бір рет, тіркелусіз де.
  • Алғашқы толық сынақ.
  • Алғашқы пән (бөлім) тесті.
  • «Грантқа жол» — грантқа қанша балл жетпейтіні.

Қалғаны — «Оқушыларға» тарифі бойынша.

Көмектесті ме?

ҰБТ тарифі не береді және қанша тұрады?

«Оқушыларға» тарифі: толық сынақтар мен пән тесттері шектеусіз, әлсіз тақырыптар жаттықтырғышы, әр тапсырманың талдауы. Сол тариф НЗМ, БИЛ, МОДО, ММА тесттерін де ашады.

Күн890 ₸
Ай2 490 ₸
Тоқсан4 990 ₸ (−33 %)
Жыл9 990 ₸ (−67 %, ≈ айына 833 ₸)
Көмектесті ме?

ҰБТ-2026 форматы қандай?

Қазақстан тарихы20 тапсырма · 20 балл · шегі 5
Математикалық сауаттылық10 · 10 балл · шегі 3
Оқу сауаттылығы10 · 10 балл · шегі 3
1-бейіндік пән40 · 50 балл · шегі 5
2-бейіндік пән40 · 50 балл · шегі 5
Барлығы120 тапсырма · 140 балл · 240 минут

Біздің сынақтар осы форматта, балл — ресми шкала бойынша (Ережелердің 18-тармағы).

Көмектесті ме?

ҰБТ қашан өтеді?

Электронды ҰБТ Ережелер бойынша: 10 қаңтар – 10 ақпан, 1 наурыз – 6 сәуір, 10 мамыр – 10 шілде (негізгі, грант конкурсы осы бойынша), тамызда — жекелеген санаттарға. Нақты күн, тіркелу және төлем — testcenter.kz сайтында. Bilim Plus ҰБТ-ға тіркемейді.

Көмектесті ме?

Шекті балл қанша?

Көп жоғары оқу орындары50
Ұлттық ЖОО65
Денсаулық сақтау70
Педагогика, құқық75

Пәндер бойынша: тарих пен бейіндік пәндер — кемінде 5, оқу және математикалық сауаттылық — кемінде 3. ЖОО білім беру бағдарламасы тобына өз шегін қоя алады.

Көмектесті ме?

«Грантқа жол» деген не?

Таңдаған білім беру бағдарламалары тобының соңғы жылдардағы грант балдарымен салыстырып, қанша балл жетпейтінін және қай тақырыптардан оны жинауға болатынын көрсетеді. Профиль → ҰБТ → Грантқа жол. Тегін.

Көмектесті ме?

Нәтижелер мен қателерім қайда?

Профиль → ҰБТ: «Менің ҰБТ» (болжам, соңғы сынақ, мақсатқа дейін), «Тақырыптар», «Қателер», «Грантқа жол», «Баптаулар» (жұп, мақсат).

Көмектесті ме?

«Бірге дайындал» — досты шақыру

Профиль → ҰБТ бөлімінде өз кодыңыз бен сілтемеңіз бар (bilim-plus.kz/r/…). Дос сілтеме арқылы тіркеліп (не тіркелгеннен кейін 7 күн ішінде кодты енгізіп), email-ын растаса — екеуіңізге де 7 күн тариф. 30 күнде 10 сыйлыққа дейін. Осы сілтеме арқылы дос алғашқы тарифке −10% алады, ал сізге оның алғашқы сатып алуы үшін +600 ₸ (Профиль → Достар мен бонустар).

Көмектесті ме?

ҰБТ тапсырмасында қате бар

Талдаудағы «Қате туралы хабарлау» батырмасын басыңыз. Әр хабарламаны әдіскер тексереді.

Көмектесті ме?

BilimApp қосымшасы бар ма?

BilimApp (ҰБТ-ға дайындық) App Store мен Google Play-ге жақында шығады. Қазір ҰБТ — bilim-plus.kz/ent сайтында, барлық мүмкіндігімен.

Көмектесті ме?
Жауап таппадыңыз ба?Көмекші тәулік бойы жауап береді: тест табады, тіркейді, төлемге апарады.