Топта мониторингті қалай жүргіземін?
Мониторинг — тегін: белгілер, жиынтық, Excel мен Word. Кесінді үшеу — бастапқы, аралық, қорытынды. Ерте жас тобында бастапқы кесінді жүргізілмейді.
- Менің тобым бөліміне балаларды қосыңыз: тізімді WhatsApp-тан қойыңыз не Excel жүктеңіз (.xlsx, 2 МБ-қа дейін). ЖСН сақталмайды.
- Мониторинг бөлімін ашып, кесіндіні бастаңыз. Еске салуды қосуға болады — басталатын күні, сағат 08:00-де.
- Деңгейді белгілеңіз — жоғары, орташа, төмен — өзіңізге ыңғайлы тәсілмен: бала бойынша, өлшем бойынша не кестемен. Телефоннан да болады.
- Бассейн не спорт ойындары жоқ болса, ол өлшемдерді өшіріңіз — жаңа кесіндіге кірмейді.
- Бәрі белгіленген соң «Қатыру» басыңыз. Жиынтық өзі есептеледі, қатыруды алуға болады.
- Excel (бақылау парағы) мен Word (жиынтық есеп) жүктеңіз.
Қатырған соң — «Келесі қадамдар»: деңгейлер даму карталарына түседі, кемінде бір бағыт бойынша деңгейі төмен балалар циклограмманың «Балалармен жеке жұмыс» жолына шығады, «Кесінді отбасына» — әр отбасына WhatsApp-қа жеке хабар (бір балаға 6 токен).
Көмектесті ме?