Топқа бөлмей ҚМЖ қалай жасаймын — бүкіл сыныппен не жеке?
- ҚМЖ формасында «Қосымша» ашыңыз — онда «Жұмыс түрлері»: Топтық, Жұптық, Жеке, Бүкіл сынып.
- «Топтық» белгісін алып, керегін белгілеңіз: мысалы, «Бүкіл сынып» пен «Жеке». Біреуі әрдайым белгіленіп тұрады; таңдау келесі ҚМЖ-ға да сақталады.
- Тілекке сөзбен де жазуға болады: «топқа бөлмей», «сынып бірге жұмыс істейді», «тек жеке жұмыс» — тілек белгіден маңызды, жоспарда топ болмайды.
ҚМЖ дайын, ал топтық тапсырма керек емес пе — бүкіл жоспарды қайта жасамаңыз: құжат астындағы «Жұмыс түрлері» (10 токен) — «Бүкіл сынып» не «Жеке» белгілеңіз, ЖИ басқа түрдегі тапсырмаларды ғана қайта жазады. Бір кезең — «Қайта жазу» (5). Сол ҚМЖ-ны бір тәулік ішінде қайта жасау — жарты бағасы, 15 токен, қатарынан үш ретке дейін; одан кейін «Жаңадан жасау» — толық бағамен.
Көмектесті ме?