Сабақта: Тақта, Ойындар, Сауалнама, Зертхана
- Тақта — 22 виджет: таймер, қоңырауға дейін уақыт, дөңгелек, командалар есебі, сурет салу, құжат-камера, математика құралдары.
- Ойындар — екі түрі. «Тақтада · телефонсыз» — 31 ойын: викторина (сұрақ пен нұсқалар, дұрыс жауап бергендерді атымен не командамен белгілейсіз, соңында сынып рейтингі), табло, бәйге, арқан тарту, алтын баспалдақ, сөз барабаны, ыстық орындық, жұбын тап, ретімен қой, тұр — отыр, сейф, киіз үй, бәйтерек, сөзжұмбақ (кроссворд), сөз іздеу, бинго және т.б. Сыныпты таңдайсыз — сұрақтар сол сыныпқа: 4 — ММА, ББЖМ; 5–8 — мектеп банкі; 9 — ММА, ББЖМ, банк; 10–11 — ҰБТ, банк; кез келген сыныпқа ЖИ тақырыппен құрастырады (тарифпен 30 күнде 30 ойын тегін, одан әрі — 15 токен) не өзіңіз жазасыз. Оқушыға телефон керек емес. «Телефонмен» — 9 режим: Live Quiz, командалық шайқас, кім бірінші, эстафета, дуэль т.б., оқушылар bilim-plus.kz/quiz/join арқылы кодпен кіреді.
- Үйге ойын · QR — сол сұрақтар сілтеме бойынша аркадаға айналады (раннер, ғарыш, мұнара, шахта): оқушы үйде телефонмен ойнайды, нәтижесі сізге келеді. Ойынның түрін кейін ауыстыру мүмкін емес. Сол сұрақтарды сабақта ойнау үшін «Ойындар» → «Үйге» → ойынды ашып, «Сабақта ойнату» басыңыз да, тақтадағы ойынды таңдаңыз (Викторина, Бәйге, Тақырып табло т.б.): сұрақтар «Өзім жазамын» тізіміне түседі, оларды түзетуге болады.
- Сауалнама мен рефлексия — оқушы телефонмен жауап береді (bilim-plus.kz/poll).
- Зертхана — 190+ интерактивті симуляция.
Көмектесті ме?