Мектептерге

Перспективалық жоспар: ерте жас тобы, желтоқсан 2026

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын циклограммалар

Желтоқсан, 5 апта. Тексерілген, Word және PDF; әр аптаның дүйсенбісі сайтта ашық.

Дайын құжаттар: ерте жас тобы, желтоқсан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Балаларды шынықтыруды ауа, су шараларымен, серуен кезінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерімен жүзеге асыру, 2-3 минут бойы жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүргізу, ауа ванналарын күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолдану (ауа ванналарының ұзақтығын 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзарту).
  • қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру, қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу, қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу, отырып және тұрып оңға, солға бұрылу, заттарды бір-біріне беру, алға еңкею және түзу тұру, таяныштан ұстап, жүрелеп отыру, секіру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Ересектердің сөздерін тыңдауға, "Бұл кім?", "Бұл не?", "Не істеді?" деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарауға тарту.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.
Құрастырубұл жаста жоқ
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу.
Сурет салубұл жаста жоқ
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
Жапсырубұл жаста жоқ
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
  • Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.

Желтоқсан айының апта тақырыптары

  1. 14-апта · 30 қараша – 4 желтоқсанҚыс
  2. 15-апта · 7–11 желтоқсанҚысқы киім
  3. 16-апта · 14–18 желтоқсанҚар ұшқындары
  4. 17-апта · 21–25 желтоқсанШырша
  5. 18-апта · 28 желтоқсан – 1 қаңтарЖаңа жыл
Ерте жас тобы: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар