| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс бүктеу.
- Еңбектеу, өрмелеу. Бөренеден (диаметрі 15-20 сантиметр) аттап өту, 35-40 сантиметр жоғары қойылған арқанның астынан еңбектеу, құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).
- Арнайы шынықтыру шараларын ата-аналардың қалауымен, мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері шешімімен жүргізу.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау.
- Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер мен құрдастарынан көмек сұрау, өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өз бетінше ойнау.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Күрделі заттармен әрекеттерді орындау – сақиналары бар таяқшамен, торлы дорбамен, күрекшемен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу, қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып, кіргізе білу.
- Біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін заттармен әрекет жасау, дидактикалық ойындар барысында және тұрмыста балалардың сенсомоторлық "көз бен қолды" үйлестіру.
|
|---|
| Құрастыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын бақылау (жаңбыр, жел, күннің жарқырауы, қар).
- Көгөністер (қызанақ, қияр, сәбіз) мен жемістердің (алма, алмұрт, шие, өрік) сыртқы түрін тану және атауларын білу. Өсімдіктердің (ағаш, жапырақ, гүл) өзін немесе оларды суретінен тану және атау.
|
|---|
| Сурет салу | бұл жаста жоқ |
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
|
|---|
| Жапсыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
- Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).
- Музыкалық ырғақты-қимылдар.
|
|---|