Мектептерге

Перспективалық жоспар: ерте жас тобы, қыркүйек 2026

Ай құндылығы — Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: ерте жас тобы, қыркүйек

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденде жатқан жолдың бойымен тура бағытта топпен жүру. Нысанаға дейін тура жолдың бойымен (ені 25-30 сантиметр, ұзындығы 2–3 метр) жүру, ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру, ересектің көмегімен модульге (биіктігі 10–15 сантиметр) шығу және одан түсу, еденде жатқан лентадан (арқаннан) аттап өту.
  • Баланың дербестікке ұмтылысын қолдау, әрбір баланы күн тәртібіне біртіндеп үйрету.
  • Сауықтыру-шынықтыру шараларын табиғи факторларды (ауа, күн, су) пайдаланып, жүргізу. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22°С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету.
  • Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.
Құрастырубұл жаста жоқ
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру. Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).
  • Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).
Сурет салубұл жаста жоқ
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
Жапсырубұл жаста жоқ
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
  • Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.

Қыркүйек айының апта тақырыптары

  1. 1-апта · 1–4 қыркүйекСәлем, балабақша!
  2. 2-апта · 7–11 қыркүйекАнам мен әкем
  3. 3-апта · 14–18 қыркүйекОйыншықтар
  4. 4-апта · 21–25 қыркүйекСеруенге шығамыз
  5. 5-апта · 28 қыркүйек – 2 қазанКүз келді
Ерте жас тобы: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар