| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білу, тек өз түбегіне отыру.
- Домалату, лақтыру. Допты шағын төбешіктен домалату; допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.
- Арнайы шынықтыру шараларын ата-аналардың қалауымен, мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері шешімімен жүргізу.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мәәә, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау.
- Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтылған талаптарды орындау.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Естуді дамыту үшін әртүрлі дыбыс шығаратын заттардың (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) дыбысын тыңдау, қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату.
|
|---|
| Құрастыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Қоршаған ортадағы жануарларға (лақ, бота, құлын), құстарға (тауық, үйрек, қаз) қызығушылықты ояту, олардың дене бөліктерін (басы, көздері, құлақтары, құйрығы, аяқтары, қанаттары) табу, дауыстарын салу, қимылдарын бақылау, қимылдарды ойындарда қайталау.
- Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).
|
|---|
| Сурет салу | бұл жаста жоқ |
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
|
|---|
| Жапсыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
- Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.
- Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.
|
|---|