Мектептерге

Перспективалық жоспар: мектепалды топ, сәуір 2027

Ай құндылығы — Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • Лақтыру, қағып алу, домалату: допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу; 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).
  • Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.
  • Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, ал көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.
  • Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.
  • Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.
Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.
  • Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.
ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты, атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.
  • Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу. Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға, жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға, кішілерге көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда оларға жүгінуге баулу. Айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын түсіну және оларға ұқыпты қарау.
  • "Балалар", "Трамвай аялдамасы", "Автобус аялдамасы", "Метро аялдамасы", "Тройллебус аялдамасы", "Жаяу жүргіншілер жолы", "Велосипедке арналған жол (электросамокат, гироскутер, сигвей)" жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.
  • Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсіну.
Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің желісін жеткізе білуін жетілдіру.
МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Ойдан өз бетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.
ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.
МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Би шығармашылығы.
  • Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.
  • Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.

Сәуір айының апта тақырыптары

  1. 32-апта · 5–9 сәуірБарлық мамандық маңызды
  2. 33-апта · 12–16 сәуірҒарыш. Байқоңыр және қазақстандық ғарышкерлер
  3. 34-апта · 19–23 сәуірЖер — ортақ үйіміз
  4. 35-апта · 26–30 сәуірБірлік мерекесі: достық пен келісім
Мектепалды топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар