Мектептерге

Перспективалық жоспар: мектепалды топ, желтоқсан 2026

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын циклограммалар

Желтоқсан, 5 апта. Тексерілген, Word және PDF; әр аптаның дүйсенбісі сайтта ашық.

Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен "жыланша" төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу; допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр); гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу; бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.
  • Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).
  • Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау.
  • Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
  • Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Туыстық қарым-қатынасты ("бауыр", "немере", "шөбере", "ағайын", "туысқан", "жеті ата") білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат
  • 10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.
  • Тәулік бөліктерінің ауысуын ("кеше", "бүгін", "ертең"), оқиғалардың ретін ("алдымен – содан кейін", "бұрын – кейінірек") анықтау.
ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.
  • Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
  • Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.
  • Мемлекеттік мерекелердің (Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Республика күні), ұлттық мереке (Тәуелсіздік күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу.
Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).
МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.
ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат
  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.
МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат
  • Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.
  • Ән айту.
  • Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру.

Желтоқсан айының апта тақырыптары

  1. 14-апта · 30 қараша – 4 желтоқсанҚыс құпиялары: қар мен мұз
  2. 15-апта · 7–11 желтоқсанЕлордам — Астана
  3. 16-апта · 14–18 желтоқсанТәуелсіздік — ең қымбат байлық
  4. 17-апта · 21–25 желтоқсанБір шаңырақ астында: Қазақстан халқы
  5. 18-апта · 28 желтоқсан – 1 қаңтарЖаңа жыл: уақыт пен күнтізбе
Мектепалды топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар