Мектептерге

Перспективалық жоспар: ортаңғы топ, желтоқсан 2026

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын циклограммалар

Желтоқсан, 5 апта. Тексерілген, Word және PDF; әр аптаның дүйсенбісі сайтта ашық.

Дайын құжаттар: ортаңғы топ, желтоқсан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
  • Кеудеге арналған жаттығулар:
  • допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;
  • Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
  • Адамның денсаулығына пайдалы (көгөністер, жемістер, сүт өнімдері) және зиянды тағамдар (тәттілер, бәліштер, тәтті газдалған сусындар) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
  • Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету.
  • Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы (ақырын-қатты), қарқыны (жылдам-баяу), көңіл-күйі (мұңды, көңілді ) байқауға үйрету.
  • Ән айту.

Желтоқсан айының апта тақырыптары

  1. 14-апта · 30 қараша – 4 желтоқсанҚыс белгілері
  2. 15-апта · 7–11 желтоқсанМенің елім
  3. 16-апта · 14–18 желтоқсанБіздің ту — көк байрақ
  4. 17-апта · 21–25 желтоқсанДостық — ұлы күш
  5. 18-апта · 28 желтоқсан – 1 қаңтарЖаңа жыл ғажайыптары
Ортаңғы топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар