Мектептерге

Перспективалық жоспар: ортаңғы топ, қазан 2026

Ай құндылығы — Тәуелсіздік және отаншылдық. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: ортаңғы топ, қазан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру.
  • заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
  • қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;
  • Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.
  • Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.
  • Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету. Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру.
  • Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.
  • Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.

Қазан айының апта тақырыптары

  1. 6-апта · 5–9 қазанКүз сыйы: көкөніс пен жеміс
  2. 7-апта · 12–16 қазанАлтын күз
  3. 8-апта · 19–23 қазанМенің туған қалам (ауылым)
  4. 9-апта · 26–30 қазанЖабайы аңдар қысқа дайындалады
Ортаңғы топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар