Мектептерге

Перспективалық жоспар: ортаңғы топ, мамыр 2027

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: ортаңғы топ, мамыр

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау.
  • отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.
  • Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.
  • Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, "Тең бе?", "Қайсысы артық (кем)?" сауалдарына жауап беру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.
  • Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
  • Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.

Мамыр айының апта тақырыптары

  1. 36-апта · 3–7 мамырЖеңіс күні
  2. 37-апта · 10–14 мамырЖәндіктер әлемі
  3. 38-апта · 17–21 мамырҚауіпсіз жаз
  4. 39-апта · 24–28 мамырЖаз келе жатыр
  5. 40-апта · 31 мамырБақытты балалық шақ
Ортаңғы топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар