| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау.
- Аяқтың ұшына көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға қою, алдымен өкшені, содан кейін аяқтың ұшын қою, тарсылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қолды белге қойып, екі жаққа созып, отыру. Тізені бүгу, алға созу, қайтадан бүгу және түсіру. Аяқтың ұшын созу, өкшені айналдыру. Аяқтың бақайларымен жіпті жинау, құм салынған қапшықтарды өкшелермен қысып алып, бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстінен бір қырымен жүру. Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Тізені бүгіп, екі аяқты кезек көтеру.
- Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, "қонақ кәде", "сыбаға", ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет | - Тыңдалған шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізе білуге, еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсете білуге мүмкіндік беру.
|
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - 5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын | - Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
- Жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту.
- Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау).
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: күн сайын | - Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: күн сайын | - Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 2 рет | - Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. "Қамажай" биін үйрету.
|
|---|