Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, мамыр 2027

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: кіші топ, мамыр

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.
  • Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Мамыр айының апта тақырыптары

  1. 36-апта · 3–7 мамырЖәндіктер
  2. 37-апта · 10–14 мамырГүлзарда
  3. 38-апта · 17–21 мамырЖасыл ағаштар
  4. 39-апта · 24–28 мамырСәлем, жаз!
  5. 40-апта · 31 мамырШуақты жаз
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар