| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.
- Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
- Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек), киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.
- Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын | - Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: күн сайын | - Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: күн сайын | - Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.
- Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.
|
|---|