Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, ақпан 2027

Ай құндылығы — Жасампаздық және жаңашылдық. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: кіші топ, ақпан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.
  • Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.
  • Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.
  • Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Ақпан айының апта тақырыптары

  1. 23-апта · 1–5 ақпанСиқырлы су
  2. 24-апта · 8–12 ақпанКөлік
  3. 25-апта · 15–19 ақпанЕртегілер әлемі
  4. 26-апта · 22–26 ақпанТүрлі түсті әлем
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар