Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, қараша 2026

Ай құндылығы — Әділдік және жауапкершілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: кіші топ, қараша

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.
  • Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
  • Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету. Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу. Ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
  • Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.
  • Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Қараша айының апта тақырыптары

  1. 10-апта · 2–6 қарашаМенің денем
  2. 11-апта · 9–13 қарашаКиім мен аяқ киім
  3. 12-апта · 16–20 қарашаБіздің үй: жиһаз
  4. 13-апта · 23–27 қарашаҚыстайтын құстар
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар