| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Жүгіру: шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден, үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру; бір сызыққа қойылған заттардың арасымен, кедергілердің арасымен өту арқылы "жыланша" жүгіру, кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру; жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 метр) жүгіру.
- Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.
- Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.
- Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.
|
|---|
| Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.
|
|---|
| Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
|
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру.
- Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейге арналған жол) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау.
- Тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары (маусым, өсімдік, адам еңбегі) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және түсіну.
- Өсімдіктердің тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы, тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі, өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі олардың жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі.
- Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.
- Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдану.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, "күй" жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазының, Қорқыттың, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерей Шығайұлының, Ықылас Дүкенұлының шығармаларымен таныстыру.
- Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.
|
|---|