| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).
- Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі ауыспалы қадаммен алға жылжу, оң және сол аяқтарымен сырғанау. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу.
- Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.
- Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.
|
|---|
| Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
|
|---|
| Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.
|
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
- Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.
- Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.
- Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).
- Мобильді құрылғыларды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу (күніне ата-аналардың рұқсатымен 30 минуттан артық емес мобильді құрылғыларды қолдану).
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.
- Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.
- Билер.
|
|---|