| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру.
- Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту.
- Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.
- Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, "Асар", "Сүйінші сұрау" дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
|
|---|
| Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.
|
|---|
| Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.
|
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.
- Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің - Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы білу, оларды құрметтеу.
- Нанға ұқыпты қарауға, бидайды өсіруге және өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу ); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру.
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.
- Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, домбыра, металлофон, ксилофон, бубен, барабан, маракас, румба) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.
|
|---|