| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау. Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.
- Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.
- Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.
- Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
- Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.
|
|---|
| Сауат ашу негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
|
|---|
| Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
|
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: аптасына 3 сағат | - Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.
- Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.
|
|---|
| ҚұрастыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.
- Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
|
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.
- Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелері туралы; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету.
- Балаларды жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауға баулуды жалғастыру. Ережелер барлығына жақсы болуы (қарапайым, жайлы, қауіпсіз) үшін жасалатынын балалардың түсінуі маңызды. Егер белгілі бір ережелер сақталмаған жағдайда не болатынын балалармен талқылау.
|
|---|
| Сурет салуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.
- Қазақ ою-өрнектерінің түрлері ("түйетабан", "құсқанаты", "құстұмсық", "жапырақ", "жауқазын", "жетігүл", "жұлдызгүл") туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.
|
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
|
|---|
| ЖапсыруЖиілігі: аптасына 1 сағат | - Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.
|
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 2 сағат | - Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның "ре", екінші октаваның "до" диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру.
- Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
|
|---|