| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Гигиеналық талаптарды сақтау бойынша жұмысты жалғастыру.
- Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденнен бір шеті 15–20 сантиметр жоғары қойылған тақтайдың үстімен (ені 20 сантиметр, ұзындығы 1,5–2 метр), текшелердің, кегльдердің, құрсаулардың, таяқтардың арасымен топпен жүру; құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету. Еденнен 12–18 сантиметр жоғары көтерілген арқаннан немесе таяқтан аттап жүру.
- Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Жылдың жылы мезгілінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету, құмның үстімен жалаң аяқ 2-3 минут жүргізу (алдын ала оның тазалығы мен қауіпсіздігіне көз жеткізу). Жаз мезгілінде серуеннен кейін жуыну және аяқты жуу кезінде гигиеналық және шынықтыру шараларын үйлестіру, әр баланың денсаулық жағдайын және оның судың әсеріне бейімделу деңгейін ескеру.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну.
- Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бәәә -бота, мәәә - қозы, мөөө - бұзау, мәәә - лақ, мияу - мысық, аб-аб - ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке), төрт түліктің (ат, тай, бота), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.
- Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.
|
|---|
| Құрастыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула-балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.
- Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).
- Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету. Жанашырлық пен елгезектік танытуға баулу.
|
|---|
| Сурет салу | бұл жаста жоқ |
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
|
|---|
| Жапсыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
- Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.
- Музыка тыңдау.
|
|---|