| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Домалату, лақтыру. Допты бір қолмен және екі қолмен ұстау, көлемдері әртүрлі доптар мен шарларды жинау, оларды өз бетінше себетке (жәшікке) салу, шарларды домалату, допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып), допты (диаметрі 6–8 сантиметр) төменге, қашықтыққа лақтыру.
- Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіру.
- қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру, қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу, қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу, отырып және тұрып оңға, солға бұрылу, заттарды бір-біріне беру, алға еңкею және түзу тұру, таяныштан ұстап, жүрелеп отыру, секіру.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.
- Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ана, әке, ата, әже), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар) білдіретін сөздермен толықтыру.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарауға тарту.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.
|
|---|
| Құрастыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы - мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру.
|
|---|
| Сурет салу | бұл жаста жоқ |
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
|
|---|
| Жапсыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
- Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.
|
|---|