| Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет | - Еңбектеу, өрмелеу. Арқанның (биіктігі 50 сантиметр), доғаның, орындықтың астынан төрт тағандап еңбектеп өту, 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту, құрсаудан еңбектеп өту. Шағын саты бойымен жоғары өрмелеу (биіктігі 1 метр).
- Сауықтыру-шынықтыру шараларын табиғи факторларды (ауа, күн, су) пайдаланып, жүргізу. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22°С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.
|
|---|
| Жүзу | бассейн жоқ |
|---|
| Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын | - Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну.
|
|---|
| Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын | - Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру.
|
|---|
| Сауат ашу негіздері | мектепалды топта |
|---|
| Қазақ тілі | ортаңғы топтан |
|---|
| Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын | - Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.
|
|---|
| Құрастыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын | - Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету.
|
|---|
| Сурет салу | бұл жаста жоқ |
|---|
| МүсіндеуЖиілігі: күн сайын | - Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
|
|---|
| Жапсыру | бұл жаста жоқ |
|---|
| МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет | - Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
- Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл-күйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).
|
|---|