Мектептерге

Перспективалық жоспар: ерте жас тобы, ақпан 2027

Ай құндылығы — Жасампаздық және жаңашылдық. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: ерте жас тобы, ақпан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру, тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолдану, орындықты жылжыту, алғыс айту.
  • Жуыну кезінде қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетін алақандарымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.
  • Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Жылдың жылы мезгілінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету, құмның үстімен жалаң аяқ 2-3 минут жүргізу (алдын ала оның тазалығы мен қауіпсіздігіне көз жеткізу). Жаз мезгілінде серуеннен кейін жуыну және аяқты жуу кезінде гигиеналық және шынықтыру шараларын үйлестіру, әр баланың денсаулық жағдайын және оның судың әсеріне бейімделу деңгейін ескеру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру.
  • Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту).
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өз бетінше ойнау.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.
Құрастырубұл жаста жоқ
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Құрдастары мен айналасындағы ересектердің көңіл-күйіне сәйкес жауап беру (күлімсіреу – қуаныш, жылау – реніш).
  • Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау).
Сурет салубұл жаста жоқ
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
Жапсырубұл жаста жоқ
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
  • Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.
  • Ән айту.

Ақпан айының апта тақырыптары

  1. 23-апта · 1–5 ақпанСу
  2. 24-апта · 8–12 ақпанМашиналар
  3. 25-апта · 15–19 ақпанЕртегі тыңдаймыз
  4. 26-апта · 22–26 ақпанТүстер
Ерте жас тобы: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар