Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, сәуір 2027

Ай құндылығы — Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: кіші топ, сәуір

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).
  • Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: "Бұл кім (не)?", "Не істеді?". Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.
  • "Дұрыс", "дұрыс емес", "қауіпті" түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.
  • Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.

Сәуір айының апта тақырыптары

  1. 32-апта · 5–9 сәуірДәрігер мен аспаз
  2. 33-апта · 12–16 сәуірКүн, бұлт, жаңбыр
  3. 34-апта · 19–23 сәуірҚұстар ұя салады
  4. 35-апта · 26–30 сәуірБалық пен бақа
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар