Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, қыркүйек 2026

Ай құндылығы — Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: кіші топ, қыркүйек

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
  • Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.
  • Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.
  • Балалардың сөздік қорын:
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз бен қолдың" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • "Мен" бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.
  • Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.
  • Музыка тыңдау.

Қыркүйек айының апта тақырыптары

  1. 1-апта · 1–4 қыркүйекБіздің топ
  2. 2-апта · 7–11 қыркүйекМенің отбасым
  3. 3-апта · 14–18 қыркүйекМенің ойыншықтарым
  4. 4-апта · 21–25 қыркүйекБіздің аула
  5. 5-апта · 28 қыркүйек – 2 қазанСары жапырақ
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар