Мектептерге

Перспективалық жоспар: кіші топ, желтоқсан 2026

Ай құндылығы — Бірлік және ынтымақ. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын циклограммалар

Желтоқсан, 5 апта. Тексерілген, Word және PDF; әр аптаның дүйсенбісі сайтта ашық.

Дайын құжаттар: кіші топ, желтоқсан

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
  • Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен;
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліортаңғы топтан
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.
  • Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.
  • Ән айту.

Желтоқсан айының апта тақырыптары

  1. 14-апта · 30 қараша – 4 желтоқсанҚыс келді
  2. 15-апта · 7–11 желтоқсанАппақ қар
  3. 16-апта · 14–18 желтоқсанҚысқы серуен
  4. 17-апта · 21–25 желтоқсанЖаңа жыл келеді
  5. 18-апта · 28 желтоқсан – 1 қаңтарЖаңа жыл мерекесі
Кіші топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар