Мектептерге

Перспективалық жоспар: ортаңғы топ, сәуір 2027

Ай құндылығы — Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Дайын құжаттар: ортаңғы топ, сәуір

Циклограммалар, ҰІӘ конспектілері, ертеңгілік сценарийлері мен ата-аналарға кеңестер — тексерілген, Word және PDF. Демосы тегін.

Барлық материалдар
Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.
  • аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;
  • қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;
  • Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
  • Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, "Тең бе?", "Қайсысы артық (кем)?" сауалдарына жауап беру.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.
  • Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
МузыкаЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау.
  • Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.
  • Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Сәуір айының апта тақырыптары

  1. 32-апта · 5–9 сәуірКім болам?
  2. 33-апта · 12–16 сәуірҒарышқа саяхат
  3. 34-апта · 19–23 сәуірБәйшешек пен қызғалдақ
  4. 35-апта · 26–30 сәуірБақшада еңбек етеміз
Ортаңғы топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар