Мектептерге

Перспективалық жоспар: ересек топ, наурыз 2027

Ай құндылығы — Тәуелсіздік және отаншылдық. № 130 бұйрықтың 1-нысаны. Міндеттер — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан (№ 499), жиілігі — үлгілік оқу жоспарынан (№ 557).

Ұйымдастырылған іс-әрекетМіндеттері
Дене тәрбиесіЖиілігі: аптасына 3 рет
  • Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 метр қашықтықтан), 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет).
  • Аяққа арналған жаттығулар.
  • "Денсаулық - зор байлық" сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту.
Жүзубассейн жоқ
Тіл дамытуЖиілігі: күн сайын
  • Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
  • Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз), заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін және мағынасы қарама-қарсы антоним сөздермен байыту.
Көркем әдебиетЖиілігі: күн сайын
  • Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сауат ашу негіздерімектепалды топта
Қазақ тіліЖиілігі: аптасына 1 рет
  • Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
  • Кітаптан ертегілер, көркем шығармалар оқып беруде олардың мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіруге баулу.
Сенсорика / Математика негіздеріЖиілігі: күн сайын
  • Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, "бүгін", "кеше", "ертең" туралы ұғымдарын кеңейту.
ҚұрастыруЖиілігі: күн сайын
  • Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қоршаған әлеммен таныстыруЖиілігі: күн сайын
  • Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.
  • Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
  • Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы, қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда көбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың көбеюін салыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.
  • Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.
Сурет салуЖиілігі: күн сайын
  • Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
МүсіндеуЖиілігі: күн сайын
  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
ЖапсыруЖиілігі: күн сайын
  • Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.
МузыкаЖиілігі: аптасына 2 рет
  • Билер.
  • Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау.

Наурыз айының апта тақырыптары

  1. 27-апта · 1–5 наурызАнам, әжем, әпкем
  2. 28-апта · 8–12 наурызТабиғат оянды
  3. 29-апта · 15–19 наурызНаурыз дәстүрлері
  4. 30-апта · 22–26 наурызҚазақтың салт-дәстүрі
  5. 31-апта · 29 наурыз – 2 сәуірКітап — менің қазынам
Ересек топ: барлық апта тақырыптары →

Басқа айлар