Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы):
Топ: Мектепалды топ
Балалардың жасы: 5 жас
Қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету): 14–18 желтоқсан, 2026 жыл
Апта тақырыбы: «Тәуелсіздік — ең қымбат байлық»
Аптаның цитатасы: Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
«Адал азамат» құндылығы: Бірлік және ынтымақ
| Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі14.12.2026 | Сс15.12 | Ср16.12 | Бс17.12 | Жм18.12 |
|---|---|---|---|---|---|
| Балаларды қабылдау | Балаларды жылы шыраймен қарсы алу, аптаның цитатасымен таныстыру: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады». Міндеті: мақалдағы «тозады», «озады» сөздерінің мағынасын ажыратуға үйрету, бірлікті бағалауға тәрбиелеу. (коммуникативтік әрекет) | ||||
| Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналарды Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілікке шақыру, өтетін күні мен уақытын хабарлау. Баланың мерекелік киімін дайындауды, тақпағын үйде қайталауды еске салу. | ||||
| Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары) | «Өнегелі 15 минут»: «Тәуелсіздік деген не?» әңгімесі. Міндеті: тәуелсіз елдің өз туы, елтаңбасы, әнұраны мен тілі болатынын түсіндіру, толық сөйлеммен жауап беруге үйрету. «Тәуелсіз елдің белгілері» дидактикалық ойыны: ту, елтаңба, теңге суреттерін іріктеу. (коммуникативтік, танымдық әрекет) | ||||
| Ертеңгілік жаттығу | Ертеңгілік жаттығу кешені № 8 «Тәуелсіз ел ұландары». Кіріспе бөлім: Балалар бір қатарға тұрып, сапты түзейді, тәрбиешінің белгісімен оңға бұрылады. Бір-бірінің артынан адымдап, кейін аяқтың ұшымен жүреді. Шеңбер бойымен жеңіл жүгіріп, жүруге ауысады, әр бала екі көк жалауша алып, бір қатардан үш қатарға қайта тұрады. Жалпы дамытушы жаттығулар: 1) «Жалаушаларды айқастырамыз» — б.қ.: аяқ сәл алшақ, екі қолда бір-бір жалауша, қол төменде; 1 — қолды екі жаққа созу; 2 — қолды жоғары көтеріп, жалаушаларды айқастыру; 3 — қолды екі жаққа түсіру; 4 — бастапқы қалып (6–8 рет); 2) «Жалаушалар желде» — б.қ.: аяқ алшақ, қол екі жаққа созулы; 1 — оңға еңкейіп, оң қолдағы жалаушаны еденге қарай түсіру; 2 — бастапқы қалып; 3 — солға еңкейіп, сол қолдағы жалаушаны еденге қарай түсіру; 4 — бастапқы қалып (6–8 рет); 3) «Өкшеге тигіземіз» — б.қ.: кілемде тізерлеп тұру, жалаушалар төменде; 1 — оңға бұрылып, оң қолдағы жалаушаны өкшеге тигізу; 2 — бастапқы қалып; 3 — солға бұрылып, сол қолдағы жалаушаны өкшеге тигізу; 4 — бастапқы қалып (6–8 рет); 4) «Ұландар жаттығады» — б.қ.: аяқ бірге, жалаушалар төменде; 1 — отырып, жалаушаларды алға созу; 2 — тұрып, жалаушаларды жоғары көтеру; 3 — отырып, жалаушаларды алға созу; 4 — бастапқы қалып (6–8 рет); 5) «Ұландар биі» — б.қ.: аяқ бірге, қол белде, жалаушалар қолда; 1 — секіріп, оң аяқты алға өкшеге қою; 2 — секіріп, аяқты бірге қою; 3 — секіріп, сол аяқты алға өкшеге қою; 4 — секіріп, бастапқы қалыпқа оралу (8 секіру, 2–3 рет кезектесіп жүрумен). Қорытынды бөлім: «Қыран» тыныс алу жаттығуы: аяқтың ұшына көтеріліп, қолды қанаттай жоғары көтеріп, мұрынмен дем алу; өкшеге түсіп, қолды баяу түсіріп, «ш-ш-ш» деп дем шығару. Балалар жалаушаларды жинап, сапта баяу адымдап жүреді. Міндеті: жалаушалармен жаттығуларды бірге, ырғақты орындауға, бір қатардан үш қатарға қайта тұруға үйрету, қол, кеуде және аяқ бұлшықеттерін нығайту. (қимыл әрекеті) | ||||
| Таңғы ас | Таңғы асқа жайғасу, нанды екі қолмен алып, ұқыпты жеу. Нанды қастерлеуге, қиқымын шашпауға дағдыландыру. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ) | Кезекшілер ҰІӘ-ге қайшы, желім, түрлі түсті қағаз, үлестірме материал дайындайды. Міндеті: кезекшілік міндетін жауапкершілікпен атқаруға, қайшыны қауіпсіз ұсынуға үйрету. (еңбек әрекеті) | ||||
| Кестеге сәйкес ҰІӘ | 1. Сөйлеуді дамыту. «Қ дыбысын іздейміз»: қыран, Ақорда, байрақ сөздеріндегі дыбыстың орнын анықтау, көк туды сипаттау 2. Көркем әдебиет. «Көк байрағым»: ту туралы тақпақты жатқа, мәнерлеп, дауыс ырғағымен айту 3. Дене тәрбиесі. «Сырғанақ жол»: мұзды жолмен өз бетінше сырғанау, жаттығудан кейін бір-біріне көмектесіп жуыну (дене шынықтыру нұсқаушысы) 4. Музыка. «Мерекеге ән»: әнді әуенге сәйкес таза айту, қазақ халық әнін тыңдап, сипатын айту (музыка жетекшісі) | ||||
| 2-ші таңғы ас | Екінші таңғы асқа жеміс, шырын ұсыну. Міндеті: шырынды тостағаннан төгпей ішуге, майлықты қолдануға дағдыландыру. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Серуенге дайындық | Серуенге киінгенде шарфты, қолғапты, бас киімді тексеру. Міндеті: киінудің ретін өзі бақылауға, досына түймесін салуға көмектесуге үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Серуен | Қалыпқа құйылған судың түнде мұзға айналғанын бақылау. Міндеті: судың аязда мұзға айналатынын байқауға, себебін айтуға үйрету. «Жапалақтар мен қарлығаштар» ұлттық ойыны. Мұз жолын жасау үшін қарды таптап тығыздау. (танымдық, қимыл, еңбек әрекеті) | ||||
| Серуеннен оралу | Серуеннен оралу, сулы қолғапты кептіргішке жаю, киімді шкафқа іліп қою. Заттарына ұқыпты қарауға дағдыландыру. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Түскі ас | Түскі асқа отыру, қасық пен шанышқыны дұрыс ұстау. Тамақты асықпай, ауызды жауып шайнауға тәрбиелеу. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Күндізгі ұйқы | Ұйқы алдында бөлмені желдету, балаларды тыныш жатқызу. Киімді ретімен жинауға, өзгелердің тыныштығын сақтауға дағдыландыру. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Ұйқыдан біртіндеп ояту, сауықтыру шаралары | Біртіндеп ояту, төсекте тыныс алу жаттығулары, ылғалды жолақпен жүру. Ағзаны шынықтыру, жалпақ табанның алдын алу. (қимыл әрекеті) | ||||
| Бесін ас | Бесін асқа отыру, тамақтан кейін ауызды сумен шаю. Ауыз қуысын таза ұстау әдетін бекіту. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары) | Шеңбер болып отырып, кезекпен әннің бір жолын айту. Міндеті: досын даусынан тануға, сөзді анық айтуға үйрету. «Даусынан біл» ұлттық ойыны. (ойын, музыкалық әрекет) | ||||
| Балалармен жеке жұмыс | Шағын топпен үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасау: тау, бал, қаз. Міндеті: сөздегі дыбыстарды ретімен атауға, санын анықтауға жаттықтыру. «Дыбыс үйшігі» дидактикалық ойыны. (коммуникативтік әрекет) | ||||
| Серуенге дайындық | Кешкі серуенге киіну, бір-бірінің шарфын байлауға көмектесу. Өз бетінше киінуге, досына қамқор болуға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Серуен | Кешкі серуен: көшедегі мерекелік шамдар мен безендірілген шыршаларды бақылау. Балалардың қауіпсіз ойнауын қадағалау, мерекелік көңіл күйді бөлісу. «Алакүшік» ұлттық ойыны. (қимыл, танымдық әрекет) | ||||
| Серуеннен оралу | Серуеннен оралу, бет-қолды жуып, сүлгімен құрғату. Тазалық әдетін бекіту. (өзіне-өзі қызмет ету) | ||||
| Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары) | Ертеңгілікке арналған тақпақтар мен әндерді қайталау. Міндеті: тақпақты мәнерлеп, сенімді айтуға үйрету. (көркем сөз, музыкалық әрекет) | ||||
| Балалардың үйге қайтуы | Балаларды үйге шығарып салу, ата-аналармен баланың күні туралы сөйлесу. Ата-аналармен сенімді, ынтымақты қарым-қатынас орнату. (коммуникативтік әрекет) |
Сейсенбі – жұма: 3 күн толық — Word және PDF файлында
Тәрбиеші: ________________Тексерілді: әдіскер ________________