Педагог-ассистенттерге, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілерге арналған ПББ 2026 тесттері
Педагог-ассистенттерге, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілерге арналған сынақ тесттері — пән бойынша тесті жоқ педагогтерге арналған ПББ 2026 сияқты әдістеме мен педагогика және психология негіздері бойынша: 50 тапсырма, 80 минут.
- 50 тапсырма · 90 минутоқыту әдістемесі және психология негіздері
- Пайыз және санатмодераторға не сарапшыға жететіні бірден көрінеді
- Әр қатенің талдауыдұрыс жауап пен түсіндірме, нәтиже кабинетте
ПББ жинақтары жауаптарымен
2026 жылғы форматтағы толық нұсқалар: әр тапсырманың жауабы, талдауы және заң бабы. PDF, демосы тегін.
ПББ туралы толығырақ
Мектепте пән мұғалімі болсаңыз — Мұғалімдерге арналған ПББ тест: әдістеме, заңдар және пәндер бойынша тапсырмалар.
Тесттен кейін не болады
Нәтиже мен талдау жеке кабинетте сақталады.
Bilim Plus-та — 950+ сұрақ қазақ және орыс тілдерінде, әрекет саны шектелмейді, қателер талданады.
Педагог-ассистенттер, тәлімгерлер және кәсіби бағдар берушілер қандай тест тапсырады
Педагог-ассистенттер, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер ҰТО-ның «Педагогика және психология негіздері» тестін тапсырады: 50 тапсырма, 80 минут (№ 83 Қағидалар, 38, 40-тармақ). Бұл лауазымдарға пәндік тест жоқ — тәрбие, оқыту және бала психологиясы туралы білім тексеріледі.
Қағидалардың сол тармағында бұл тест әлеуметтік педагогтерге, интернаттардың, жатақханалар мен жетім балаларға арналған ұйымдардың тәрбиешілеріне де белгіленген — оларға қосымша білім беру және әлеуметтік педагогтерге арналған ПББ беті бар.
Пән, басшылар не балабақша тәрбиешілері бойынша тест керек болса — 2026 жылғы ПББ-ның барлық тесттері бетінде. Барлық түрдің шегі — «ПББ шекті балдары» мақаласында.
2026 жылғы ПББ форматы
ҰТО-ның 2026 жылғы спецификациялары бойынша «Педагогика және психология негіздері» тесті былай құрылған:
- 50 тапсырма: бір дұрыс жауапты 40 тапсырма және екі контекстке 10 тапсырма (мәтінге, кестеге, графикке не суретке 5 тапсырмадан);
- 4 жауап нұсқасы, біреуі дұрыс; дұрыс жауапқа — 1 балл;
- тапсырмалар үш деңгейде: базалық (A) — 26 %, орта (B) — 60 %, жоғары (C) — 14 %;
- 80 минут (40-тармақ); тест тілі — қазақ не орыс тілі, өтініште таңдалады (№ 83 Қағидалар, 44-тармақ).
Бұл — ҰТО-ның 2026 жылғы спецификациясы бойынша форматы. Bilim Plus-та бұл лауазымдарға арналған сынақ тест әзірге бұрынғы базамыздан — әдістеме және психология негіздері бойынша құралған, жаңа банк дайын болған сайын осы форматқа көшіріледі.
2026–2027 жылдардағы ПББ: не өзгереді
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап педагогтерді аттестаттау жөніндегі пилоттық жоба жүріп жатыр — Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрығы. Пилотқа қатысушы ПББ-сыз аттестатталады: біліктілікті бағалау және кәсіби цифрлық профиль бойынша қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау (Тәртіптің 5-тармағы). Бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады (6-тармақ).
- Пилотқа өз еркімен қатысады: аттестатталуға жататын, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ПББ-ның бірінші мүмкіндігінде шекті балдан өтпеген педагогтер, сондай-ақ ПББ-ға тіркеліп, тестілеуге кіріспегендер не тіркелмегендер (Тәртіптің 4-тармағы).
- Кәсіби қызметке алғаш кірісетін педагогтерге пилот қолданылмайды (сонда).
- Өтініш 2026 жылғы 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін қабылданады (Тәртіпке 2-қосымша) және «Ұстаз» ұлттық платформасында беріледі — ол мемлекеттік платформа. Bilim Plus Ұстаз — біздің мұғалім кабинеті, ол дайындалуға көмектеседі: «Санат» бөлімінде балл мен құжаттарды жинайды.
Министрліктің түсіндірмесі бойынша (2026 жылғы сәуір), ПББ білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына, әдіскерлерге, педагогикалық ЖОО түлектеріне және кәсібіне қайта оралатындарға сақталады.
2027 жылғы қағидалар әлі жарияланған жоқ. ПББ-ны қамтитын № 83 аттестаттау қағидалары күшінде. Пилот туралы толығырақ — 2026 жылы тестсіз аттестаттау.
Ассистенттен, тәлімгерден және кәсіби бағдар берушіден не сұралады
- Тәрбие әдістемесі — тәрбие әдістері, тәрбие процесінің қағидаттары мен негізгі бағыттары. Тәлімгер үшін бұл балалар бірлестіктерімен жұмыстың негізі.
- Оқыту процесі — оқыту қағидаттары, әдістері мен формалары, сабаққа дайындық, талдау және рефлексия. Педагог-ассистентке бұл баланы сабақта сүйемелдеу үшін керек.
- Оқу процесін басқару және ұйымдастыру — педагогтің инновациялық қызметі.
- Жалпы және педагогикалық психология — тұлға психологиясы және ұжымдағы қатынастар, оқыту, тәрбие және педагогтік қызмет психологиясы. Кәсіби бағдар беруші үшін — оқушының қызығушылығы мен таңдауымен жұмыстың негізі.
Санаттар бойынша шекті балл
- педагог-тағылымдамашы, педагог50 %25 / 50
- педагог-модератор60 %30 / 50
- педагог-сарапшы70 %35 / 50
- педагог-зерттеуші80 %40 / 50
- педагог-шебер90 %45 / 50
ПББ шегі — № 83 Қағидалар бойынша аттестаттаудың келесі кезеңіне өту шарты (39-тармақ): тесттен кейін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі. ПББ нәтижесі тапсырған күннен бастап бір жыл жарамды (53-тармақ).
Bilim Plus-та ПББ-ға қалай дайындалу керек
- Тест тілін таңдаңыз — қазақша не орысша.
- Тегін сынақ тестілеуден бастаңыз: форматты көру үшін тіркелусіз бірнеше тапсырма.
- Таймермен толық сынақ тесттерді тапсырыңыз. Әрекет саны шектелмейді, сұрақтар ауысып отырады.
- Әр тесттен кейін қателерді талдаңыз: әр сұрақта дұрыс жауап және ЖИ түсіндірмесі — жауабыңыз неге қате.
- Пайызды бақылаңыз: санатыңыздың шегінен сенімді өту үшін нәтижені одан 10 %-ға жоғары ұстаңыз.
ПББ-ның толық тесттерін «Мұғалімдерге» тарифі ашады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Формат, шекті балл, мерзімдер және сынақ тест.