Бейіндік пән · ҰБТ-2027

Дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ сынақ тесті онлайн

Дүниежүзі тарихы — ҰБТ-ның бейіндік пәні. Оны басқа бейіндік пәнмен жұпта тапсырады, ал жұпты түсетін мамандығыңыз анықтайды. 40 тапсырма, ең жоғары балл — 50, шегі — 5.

40
тапсырма
50
ең жоғары балл
5
шегі

Формат: дүниежүзі тарихы бойынша қандай тапсырмалар

Нұсқада 40 тапсырма:

  • 25 — 4 нұсқаның бір дұрыс жауабымен, 1 балдан
  • 5 — бір контекстке (мәтін, кесте, карта не график), 1 балдан
  • 5 — 6 нұсқаның бір не бірнеше дұрыс жауабымен, 2 балға дейін
  • 5 — сәйкестендіруге, 2 балға дейін

Бүкіл ҰБТ — 120 тапсырма, 140 балл және 240 минут, бір тапсырмаға орта есеппен 2 минут. Тапсырмалар үш деңгейде: базалық — 50 %, орта — 30 %, жоғары — 20 %.

2 балдық тапсырмалар қалай есептеледі →

Дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ тақырыптары — ҰТО спецификациясы

ҰТО спецификациясында 13 бөлім және 41 тақырып бар. ҰБТ-2027 спецификацияларын ҰТО күзде жариялайды — шыққан бойда тақырыптарды салыстырамыз.

1. Ежелгі әлем өркениеттері

  • Ежелгі Египет. Ежелгі Месопотамия
  • Ежелгі Қытай. Ежелгі Үндістан
  • Ежелгі Греция. Ежелгі Рим. Александр Македонский империясы. Парсы империясы

2. Орта ғасырлар кезеңі

  • Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары. Рим империясының құлауы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы
  • Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым - қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы
  • Феодализм. «Феодализм» түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. «Қара індет». Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна д`Арк
  • 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Крест жорықтары. Крест жорықтарының себептері, барысы және салдары (1-4 крест жорықтары). Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа және мұсылман әлемі
  • Моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат)
  • Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері. (Франция, Ресей, Англия)
  • Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Қытай, Жапония, Осман империясы)
  • Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы

3. Ұлы географиялық ашылулар және олардың салдары

  • XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания). Африканың дәстүрлі өркениеттері

4. Жаңа заман

  • Жаңа заманның басталуы. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік -экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері
  • XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және күйреуі. Еуропалық мемлекеттердің Ост -Үнді компаниясы. Франция мен Ұлыбританияның Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі. Британ отарлық империясының құрылуы. ХVIIІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. XІX ғасырд ағы еуропалық отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт -азаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі). Үндістанды басқарудағы өзгерістер. XІX ғасырдың соңында әлемдік отарлық жүйенің қалыптасуы
  • Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтік - экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік декларациясы». Америка Құрама Штаттарының күшеюі. «Жапонияны ашу». Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Аме рика Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік -экономикалық даму
  • Француз бұржуазиялық революция. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері. Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Н аполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі
  • XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары
  • Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат
  • XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі. Еуропалық мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі. Ж артылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  • Революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік -экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко -Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі
  • XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық -саяси ойдың дамуы. Әлеуметтік - экономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы

5. ХХ ғасырдың басындағы әлем. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама -қайшылықтар. Қарама – қайшылықтардың шиеленісуі жә не екі әскери -саяси блоктардың – Үштік Одақ пен Антантаның құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914 -1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары. Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль -Вашингтон жүйесінің қарама -қайшылығы м ен әлсіздігі

6. Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем

  • 1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Саяси күштердің күресі: социалистік партиялар (эсерлер, меньшевиктер, большевиктер), либералдар (кадеттер), радикалдар (анархистер). Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. «Еңбекшілер құ қығы туралы Декларация». Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. «Әскери коммунизм» саясатынан «Жаңа экономикалық саясатқа» көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл -әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы. Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы. Севр бейбіт келісімі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы және шетел интервенттеріне қарсы күресі. Мұстафа Кемалдың (Ататүрік) тарихи рөлі. Түркия – зайырлы мемлекет
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Жапонияның Қытайға «21 талабы». Париж және Вашингтон конференцияларындағы «Қытай мәселесі». 1919 жылғы 4 мамыр қозға лысы. Жаңа мәдениет үшін қозғалысы. Гоминьдан және Қытай коммунистік партиясы. 1925-1927 жылдардағы ұлттық революция және біртұтас майдан мәселесі. Чан Кайши және Нанкин өкіметі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі. Синьхай революциясы және Қытай республикасының жариялануы. Сунь Ятсеннің үш принципі және Қытай республикасының тағдыры. М. Гандидің Үн дістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» және басқыншылық саясат. «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пакт». Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік -Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты. Дағдарыс қарсаңындағы Жапониядағы экономикалық және саяси жағдай. Агрессивтік сыртқы саясат Жапонияны дағдарыстан шығару тәсілі ретінде
  • Әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. Экономикалық және қаржылық реттеудің жаңа түрлерін енгізу. Экономикалық дағдарыс қарсаңындағы АҚШ -тың экономикалық және саяси дамуы. Уолл -Стриттегі қор биржасының күйреуі. «Қара бейсенбі» және экономи калық дағдарыстың басталуы. Банкроттық және жұмыссыздықтың өсуі. 1932 жылғы «Аштық маршы». Ұлы тоқыраудың тарихи салдары. Джон Кейнстің теориясы – демократия жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің, жаңалиберализмнің негізі. Франклин Делано Рузвельт тің «Жаңа бағыты». Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы.Француз фашизмі. Франциядағы «Халықтық майдан» өкіметі. Леон Блюм өкіметінің шаралары, «дирижизм» саясаты. «Капиталд ы шетелге жіберу». Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Францияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі. Халықтық майданның антифашистік сипаты және оның рефо рмаларының бағдарламасы. 1936 жылғы Матиньон келісімдері. Эдуард Даладье және Халықтық майданның әлеуметтік -экономикалық саясатынан бас тарту. Э. Даладье өкіметінің сыртқы саясаты және Халықтық майданның күйреуі
  • Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937 -1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты
  • Германия. 1918 -1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыс. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты. Юнг жоспары: Германияны экономикалық дағдарыстан шығару. Рейхстагтың Ұлы тоқырау кезеңінде қабылдаған заңдары және олардың экономикалық дағдарыстан шығарудағы ролі. Ұлтшыл –социализмнің (нацизмнің) идеологиясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Б. Муссолини ө кіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық -демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936 -1939 жылдардағы фашистік интервенция. Фашистік режимге қарсы күресте интернационалдық бригадалардың ролі. Ф. Франко диктатурасының орнауы

7. Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

  • Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Версаль -Вашингтон жүйесінің дағдарысы. Германия мен Жапонияның Ұлттар Лигасынан шығуы. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы. Италия мен Жапония тарапынан басқыншыл ық әрекеттер. Германияның реваншистік бағыты. Агрессорды «тыныштандыру» саясаты. Германияның Рейн облысын басып алуы. Австрияны қосып алу (аншлюс). Антикоминтерндік пакт. Мюнхен келісімі, Молотов -Риббентроп пактісі, Антифашистік коалиция, Ленд - лиз заңының қабылдануы, «Үлкен үштік»
  • Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік «Жаңа тәртіп». Жапонияның Перл -Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысында ғы түбегейлі бетбұрыс. «Екінші майдан» ашу мәселесі. Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы. 1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барысы. Антигитлерлік коалициядағы одақтастардың жеңісі. Фашистік мемлекеттердің тізе бүгуі және Екінші д үниежүзілік соғыстың аяқталуы. Нюрнбергтегі, Хабаровскдегі және Токиодағы халықаралық әскери трибуналдар

8. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлем

  • Маршалл жоспары. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. У.Черчилдің Фултондағы сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери -саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік «социалистік лагерьдің» қалыптасуы. 1948-1962 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» негізг і оқиғалары. ГФР мен ГДР құрылуы. Өзара экономикалық көмек Кеңесі. 1950 - 1953 жылдардағы Корея соғысы. 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалар. 1958 жылғы Берлин дағдарысы. Берлин қабырғасының қалануы (1961 ж.). КСРО мен АҚШ -тың космостағы бәсекелестігі. 1962 ж. Кариб (Куба) дағдарысы. Вьетнамдағы соғыс. 1968 жылғы Чехословакия. Ядролық клубтың құрылуы. Қарулану жолындағы жарыс. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) (Хельсинки, 1975 ж.) Қорытынды акті. Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіргізілуі. Биполярлық әлемнен көпполюсті әлемге өту. 1979 -1985 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер. Шығыс Еуропадағы коммунистік режимд ердің дағдарысы. «Бархыт революциялары». Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару
  • Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсізді к және Ынтымақтастық Ұйымы). Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб -израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. «Араб көктемі»: әлемдік саясат үшін себептері мен салдары. Қазіргі әлемнің жаһандануы. Халықаралық лаңкестік және экстремизм
  • Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Еуропа кеңесі (1949 ж.). «Шуман жоспары» (1950 ж.). Брюссель келісімі (1954 ж.). Еуропалық экономикалық Қауымдастық (1957 ж.). Шарль де Голльдің Бесінші республикасы. Көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі (1952 ж.). 1968 жылғы Франциядағы мамыр дағдарысы. Ұлыбр итаниядағы Лейбористік өкіметтің «жалпыға бірдей бақуатты мемлекетке» өту бағытындағы шаралары. Г. Макмилланың экономикалық саясаты және Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясының (1960 ж.) құрылуы. Г. Вильсонның экономикалық эксперименттері. Э.Хитт өкіметін ің экономикалық саясаты. Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы Жалпыға бірдей бақытты мемлекет» негіздерінің қалыптасуы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік -экономикалық дамуы. Ұлыбританиядағы консерватизмнің жаңа консерватизмге (неоконсерватизм) ауысуы. М. Тэтчер және радикалдық консерватизм. Англия үшінші өнеркәсіптік революция кезеңінде. Швеция үлгісіндегі социал - демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Швед экономикасының аралас моделі. Ұжымдық келісімдер жасақтау жүйесі.Швецияны ң Социал -демократиялық жұмысшы партиясы мен швед кәсіподақтарының орталық бірлестігінің бірлескен қызметі. Германиядағы «әлеуметтік -нарықтық шаруашылықтың» сипатты белгілері. Германиядағы ХДС пен ХСС партиялары коалициясының экономикалық саясаты. «Аденауэр дәуірі» (1949 -1963 жж.). Л. Эдхардттың әлеуметтік - бағдарлық нарықтық экономикасы. В. Брандт өкіметі кезіндегі герман экономикасының өсу деңгейінің төмендеуі. Х. Шмидт өкіметінің дағдарыспен күресі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы мен адамдардың өмір сүру деңгейі
  • КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл -әміршіл жүйенің нығаюы. «Хрущев жылымығы». Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. «Тоқырау» кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы). КСРО-дағы Қайта құру және КСРО - ның ашық сыртқы саясатқа көшуі. КСРО-ның ыдырауы
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік -экономикалық жүйе сипаттамасы. ҚКП Бас бағытын қабылдау (1953 -1967 жж.) Мао Цзэдунның «Үлкен секірісі». «Мәдени революция». Дэн Сяопин – қытайлық реформалардың «архитекторы». Қытай социализмі. Қытайлық реформалардың жетістіктері. 1950 -1960- жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық «экономикалық ғажайы птың» себептері. АСЕАН (Оңтүстiк -шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) құрылуы (1967). Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт -азаттық күрестің күшеюі. Үнді Ұлттық Конгресінің үнді халқының ұлт -азаттық қозғалысындағы рөлі. Күш көрсетпей бағынбау науқаны. Дж. Неру және оның тәуелсіздік үшін күресінің тәсілдері. М.А. Джинна және тәуелсіздік үшін күрестегі Мұсылман лигасының қызметі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздіктерін жариялауы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы. Жаңа және қазіргі заманғы индустриалдық елдердің ортақ белгілері

9. Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы

  • Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері. Ежелгі Египет мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Үндістан мәдениеті. Ежелгі Греция мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Eжелгі діни нанымдар. Eжелгі философиялық ойлар

10. Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы

  • Ортағасырлық қалалар мен ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері. Исламның пайда болуы. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы. Сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі те ңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). Қайта өрлеу. Батыс Еуропадағы Ренессанс мәдениеті. Гуманистік идеялар. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті. Ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми суретінің негізін салушылар және олардың ізбасарлары

11. Жаңа заманда мәдениеттің дамуы

  • Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағарту дәуірінің қайраткерлері. «Ағартушылық абсолютизм». Еуропа мен Солтүстік Америкада революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеяларының рөлі. Ағартушылық идеяларының қоғамдық са наға әсері. Ағарту дәуіріндегі Франция мәдениеті. Өнер және оның XIX ғасырдағы бағыттары. Әдебиет және өнер. Әлеуметтік әділетсіздіктің өнердегі көрінісі. Ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдағы ғылыми жаңалықтар

12. ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым

  • Ғылыми-техникалық прогресс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамд ық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өн дірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми -техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ -тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Бұқаралық мәдениет

13. Контекстік тапсырмаларконтекстке тапсырмалар

  • Құжаттағы тарих
  • Тарихи тұлғалар
  • Тарихи карталар мен схемалар

Дүниежүзі тарихы қай пәнмен тапсырылады және қандай мамандықтарға

ҰТО тізбесі бойынша бейіндік пәндер жұптары. Әрқайсысының астында — сол жұппен түсетін білім беру бағдарламаларының топтары (мамандықтар).

Ағылшын тілі — Дүниежүзі тарихы8 БББ тобы

Шет тілі мұғалімдерін даярлау, Түркітану, Аударма ісі, Мәдениеттану, Саясаттану, Шығыстану және тағы 2

Дүниежүзі тарихы — География6 БББ тобы

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау, География мұғалімдерін даярлау, Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау, Философия және этика, Тарих, Археология және этнология

Шегі және жалпы балл

Грантқа конкурсқа қатысу үшін дүниежүзі тарихы бойынша кемінде 5 балл және жалпы шекті балл жинау керек: мамандықтардың көбіне — 50, ұлттық ЖОО-ға — 65, денсаулық сақтауға — 70, педагогикалық мамандықтар мен құқыққа — 75. Кейбір топтардың өз шегі бар — ол жұп беттеріндегі мамандықтар кестесінде көрсетілген.

ҰБТ шекті балы: толығырақ →

Bilim Plus-та дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ-ға қалай дайындалу керек

  1. 20 минуттық тегін диагностикадан бастаңыз — деңгейіңіз бен шамамен балыңызды тіркелусіз білесіз.
  2. Пән бойынша тест тапсырыңыз: ҰБТ-дағыдай форматтағы тапсырмалар, кейін — әр қатені талдау. Пән бойынша алғашқы тест — тегін.
  3. Әлсіз тақырыптарды жаттықтырыңыз — жаттықтырғыш тапсырмаларды спецификация бөлімдері бойынша таңдайды.
  4. Бір-екі аптада бір рет толық сынақ ҰБТ тапсырыңыз: 120 тапсырма, 240 минут, балл болжамы.
ҰБТ сынақ тестін бастау

Жиі қойылатын сұрақтар

ҰБТ-да дүниежүзі тарихы бойынша қанша тапсырма бар?

40: 25 — 4 нұсқаның бір дұрыс жауабымен, 1 балдан; 5 — бір контекстке (мәтін, кесте, карта не график), 1 балдан; 5 — 6 нұсқаның бір не бірнеше дұрыс жауабымен, 2 балға дейін; 5 — сәйкестендіруге, 2 балға дейін.

Дүниежүзі тарихы бойынша қанша балл жинауға болады?

Ең жоғары — 50 балл. Шегі — 5: одан аз болса, грант конкурсына жіберілмейді.

ҰБТ-да дүниежүзі тарихы бойынша қандай тақырыптар болады?

ҰТО спецификациясы бойынша — 13 бөлім: Ежелгі әлем өркениеттері; Орта ғасырлар кезеңі; Ұлы географиялық ашылулар және олардың салдары; Жаңа заман; ХХ ғасырдың басындағы әлем. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары; Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем; Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары; ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлем; Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы; Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы; Жаңа заманда мәдениеттің дамуы; ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым; Контекстік тапсырмалар.

ҰБТ-да дүниежүзі тарихы қай пәндермен тапсырылады?

Дүниежүзі тарихы мына жұптарға кіреді: Ағылшын тілі — Дүниежүзі тарихы, Дүниежүзі тарихы — Құқық негіздері, Дүниежүзі тарихы — География.

Дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ сынақ тестін тегін тапсыруға бола ма?

Иә: 20 минуттық диагностика, алғашқы толық сынақ ҰБТ және пән бойынша алғашқы тест — тегін.