БЖБ 9-сынып — барлық пән
Сынып пен пәнді таңдаңыз: тоқсандағы бөлімдер, оқу мақсаттары және мерзімдер. 1–4 сыныпта 01.09.2026 бастап БЖБ мен ТЖБ орнына аралық бағалау.
1-тоқсан 23 қазанда аяқталады, каникул — 26 қазан – 1 қараша. Тоқсанның БЖБ мен ТЖБ-сы — сынып пен пән бойынша: бөлімдер, оқу мақсаттары, үлгі тапсырмалар.
9-сынып · 18 пән
9-сынып: пән × тоқсан
Ұяшықта — тоқсандағы бөлім саны; басыңыз — сол тоқсанның БЖБ-сы.
1-тоқсанның бөлімдері — 9-сынып БЖБ
БЖБ бөлім бойынша жазылады — 9-сыныпта 1-тоқсанда мына бөлімдер өтеді. Пәнді басыңыз — бөлімдердің оқу мақсаттары мен ойлау деңгейлері.
- Қазақ тілі
Бөлімдер: 1. Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика; 2. Жаһандану мәселелері. Стилистика
Тақырыптар: Тыңдалым және айтылым; Оқылым
- Қазақ әдебиеті
Бөлімдер: Атадан қалған асыл сөз
Тақырыптар: Ж. Баласағұн "Құтты білік", Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет…
- Алгебра
Бөлімдер: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері; Комбинаторика элементтері
Тақырыптар: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері; Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
- Геометрия
Бөлімдер: Жазықтықтағы векторлар
Тақырыптар: Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар; Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану
- Физика
Бөлімдер: Кинематика негіздері; Астрономия негіздері
Тақырыптар: Механикалық қозғалыс; Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары
- Химия
Бөлімдер: 9.1 Электролиттік диссоциация; 9.1 Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы; 9.1 Химиялық реакция жылдамдығы
Тақырыптар: Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті…; Электролиттік диссоциациялану теориясы
- Биология
Бөлімдер: Жасушалық биология; Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе; Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Тақырыптар: Жасушаның негізгі компонент-терінің қызметтері. Жасуша құрылымдары:плазмалық мембрана…; Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі…
- География
Бөлімдер: 1.1 Зерттеу және зерттеушілер; 2.1 Географиялық карталар; 2.2 Географиялық деректер базасы
Тақырыптар: Қазақстандық географтардың зерттеулері; География ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемалары
- Информатика
Бөлімдер: Ақпаратпен жұмыс жасау; Компьютер таңдаймыз
Тақырыптар: Ақпараттың сипаттары; Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау
- Қазақстан тарихы
Бөлімдер: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар); Қазақстан "жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар)
Тақырыптар: Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы Зерттеу сұрағы: Соғыстан…; Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар…
- Дүниежүзі тарихы
Бөлімдер: 1-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы; 2-бөлім. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы
Тақырыптар: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді?; Әлемнің екі…; Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді?
- Орыс тілі
Тақырыптар: Синтаксис. Орфография. Құрмалас сөйлем түрлері. Морфология. Шылаулар (жалғаулықты және…; Оқылым
- Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптары)
Тақырыптар: "Күлтегін" жыры; "Күлтегін" жыры; М. Мақатаев "Ертең біз жол жүреміз"; І. Есенбер лин "Көшпенді лер"…
- Орыс тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптары)
Тақырыптар: Әлем халықтарының мәдениеті; Әлем халықтарының мәдениеті; Жер ғаламшарының табиғи ресурстары
- Ағылшын тілі
Бөлімдер: Мазмұны; Тыңдалым; Айтылым
Тақырыптар: Хобби; Дене шынықтыру және спорт; Хобби
- Неміс тілі
Бөлімдер: Слушание; Говорение; Чтение
- Француз тілі
Бөлімдер: Тыңдалым; Айтылым; Оқылым
Тақырыптар: 1. Әлемдегі инновациялар 1.1 Жаңартылатын энергия көздері 1.2 Жасыл энаргияны дамыту
- Құқық негіздері
Бөлімдер: Құқық түсінігі; Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары; Азаматтық құқық түсінігі
Тақырыптар: Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?; Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар?
9-сыныптың БЖБ мен ТЖБ-сы: бұл бетте не бар
9-сыныпта БЖБ мен ТЖБ 18 пәннен жазылады: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, География, Информатика, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптары), Орыс тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптары), Ағылшын тілі, Неміс тілі, Француз тілі, Құқық негіздері. Әр пәннің бетінде — тоқсан сайын бөлімдер, оқу мақсаттарының кодтары, ойлау деңгейлері және банктен үлгі тапсырмалар (жауапсыз); банкте 9-сыныпқа барлығы 5 232 тапсырма.
№ 125 ереже бойынша: Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД), зайырлылық және дінтану негіздері, бастауыш сыныптағы цифрлық сауаттылық, сондай-ақ вариативтік компонент есебінен таңдау пәндері — «сынақ» түрінде, БЖБ мен ТЖБ-сыз.
Қазір — 1-тоқсан
1-тоқсан 23 қазанда аяқталады, каникул — 26 қазан – 1 қараша. ТЖБ — тоқсан соңында (аптасына 1 сағат пәнде — жартыжылдық соңында), бірақ соңғы күнінде емес; бір күнде үштен көп ТЖБ болмайды.
9-сыныпта 2026–2027 оқу жылында не өзгерді
- «Цифрлық сауаттылық және ЖИ» курсы — 2–11 сыныпта.
- Жаңа курс — «Заң мен тәртіп» (8–11 сынып).
- «Жеке қауіпсіздік» курсы — 5–11 сыныпта.
- «Құқық негіздері» таңдау пәні емес, міндетті пән болды.
- БЖБ мен ТЖБ әзірге бар, бірақ 5–9 сыныпта оларды 2027–2028 оқу жылынан алып тастау жоспарланған (министрдің 08.09.2026 мәлімдемесі, бұйрық әлі жоқ).
- Қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары 2026–2027 оқу жылынан алынды.
БЖБ-ға қалай дайындалу керек
БЖБ бөлімнің оқу мақсаттарын тексереді, сондықтан дайындық сол тізімнен басталады: пәннің бетінде әр бөлімнің мақсаттары кодымен берілген. Әр мақсатқа «білу және түсіну», «қолдану», «жоғары деңгейлі дағдылар» деңгейіндегі тапсырмалар болады — үлгі тапсырмалар деңгейін көрсетеді.
Оқушыға: бөлімнің мақсаттарын оқып шығып, әрқайсысына бір мысал келтіріп көріңіз. Мұғалімге: БЖБ-ны бөлімнің барлық мақсатын қамтитындай құрыңыз — № 125 ереже бойынша тапсырмалар өтілген материалды үлгілік бағдарламаға сәйкес қамтиды.
9-сыныпқа тағы не бар
БЖБ-ға дейін бөлімнің сабақтары өтеді: ҚМЖ, презентация және жұмыс парағы сол оқу мақсаттарымен жасалады. Тоқсан соңында — ТЖБ, ал БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін Bilim Plus Ұстаз-дағы тоқсан талдауында оқу мақсаттары бойынша қарауға болады.
БЖБ-ны 2 минутта жасау
- 1
Пәнді және тоқсанды таңдаңыз — тоқсанның бөлімдері мен мақсаттары ашылады.
- 2
Бөлімнің астындағы «Осы бөлімге БЖБ жасау» батырмасын басыңыз.
- 3
Bilim Plus Ұстаз-да пән, сынып, бөлім және оқу мақсаттары өзі қойылады: тапсырмалар, спецификация, дескрипторлар мен балл қою кестесі бірге шығады.
БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен
Bilim Plus Ұстаз-ға тегін тіркеліңіз: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), карта керек емес. Бөлімді таңдайсыз — БЖБ немесе ТЖБ оқу мақсаттарымен, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл), дескрипторлармен және жауап кілтімен, Word-қа.
Жиі қойылатын сұрақтар
Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.
9-сыныпта қай пәндерден БЖБ бар?
18 пәннен: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Физика, Химия, Биология, География, Информатика, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптары), Орыс тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптары), Ағылшын тілі, Неміс тілі, Француз тілі, Құқық негіздері.
Тоқсанына неше БЖБ болады?
Бір пәннен үштен аспайды; бөлім төртеу не одан көп болса, біріктіріледі. Аптасына 1 сағат пәнде — екіден аспайды.
9-сыныптың БЖБ жауаптары бар ма?
Жауап кілті мен дескрипторлар тек мұғалімге — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде. Бетте — бөлімдер, оқу мақсаттары және жауапсыз үлгі тапсырмалар.
Балды бағаға қалай аударады?
Тоқсандық баға: ҚБ 25 % + БЖБ 25 % + ТЖБ 50 %; пайыз бағаға шкала бойынша аударылады — «Балл қою кестесі» мақаласында.
ТЖБ қашан жазылады?
Тоқсан соңында, бірақ соңғы күнінде емес; бір күнде үштен көп ТЖБ болмайды. Аптасына 1 сағат пәнде ТЖБ жартыжылдық соңында өтеді.
1–4 сыныпта БЖБ бар ма?
Жоқ: 01.09.2026 бастап 1–4 сыныпта БЖБ мен ТЖБ орнына аралық бағалау — диктант, мазмұндама немесе бақылау жұмысы, 45 минут.