НОБД картасының бланкі — № 130 бұйрық нысаны
Мектепалды жастағы балаға, оқу жылының соңында — ҰБДҚ‑ға (НОБД) енгізу үшін. Бос нысан — 24 білік, шапкасы мен бағандары бұйрықтағыдай.Мектепалды балаға, жыл соңында · 24 білік · № 130 бұйрық нысаны.
ҰБДҚ ЦЖ-да толтыру үшін мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасы
| Рет № | Құзыреттер | Біліктер мен дағдылардың көлемі | Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші | |||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Қалыптасқан | Жеткіліксіз қалыптасқан | Қалыптаспаған | ||||
| 1 | Физикалық даму | 1 | Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген, жеке гигиенаны сақтайды (киімі мен аяқ киімін қадағалайды, өз бетінше киінеді/шешінеді), тамақтану мәдениетінің ережелерін сақтайды | |||
| 2 | Негізгі қимыл түрлерін (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдікті сақтау) меңгерген | |||||
| 3 | Құрдастарымен қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашы, ойын ережелерін сақтайды, ептілік, жылдамдық, төзімділік көрсетеді | |||||
| 2 | Коммуникативтік дағдыларды дамыту | 4 | Тіл дыбыстарын дұрыс айтады, сөйлеуде жай және құрмалас сөйлемдерді қолданады, ересек адамды түсінеді және толық жауап береді | |||
| 5 | Шағын әңгімелер құрастырады, мәтіннің мазмұнын қайталайды, өлеңдерді жатқа айтады | |||||
| 6 | Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындарға бөледі, сөзге дыбыстық талдау жасайды | |||||
| 7 | Қағаз бетінде бағдарланады, қарындашты дұрыс ұстайды | |||||
| 8 | Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, қоршаған ортадағы заттарды және қарапайым әрекеттерді атайды | |||||
| 3 | Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту | 9 | 10-ға дейін тура және кері санайды | |||
| 10 | Заттарды әртүрлі белгілері (түсі, пішіні, мөлшері, саны, көлемі, өлшемі, материалы) бойынша салыстырады | |||||
| 11 | Уақытта, кеңістікте, жазықтықта бағдарланады | |||||
| 12 | Геометриялық пішіндерді (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) және денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратады және дұрыс атайды | |||||
| 13 | Логикалық ойын тапсырмаларын орындайды, қызығушылық танытады, қойылған міндетті шешудің жолдарын таба алады | |||||
| 4 | Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту | 14 | Натураға қарап және көз алдына елестете отырып мүсіндейді | |||
| 15 | Көз алдына елестетіп, ауызша сипаттап, ұсынылған тақырып бойынша, өз бетінше, құрдастарымен бірлесіп түрлі материалдардан құрастырады | |||||
| 16 | Бояулармен және қарындаштармен сурет салады, жиектен шықпай бояйды, негізгі түстерді және олардың реңктерін ажыратады | |||||
| 17 | Қайшыны қолдануды біледі, пішіндерді қия алады | |||||
| 18 | Музыкалық жанрларды, балалар музыкалық аспаптарын ажыратады, би қимылдарын, таныс әндерді орындайды | |||||
| 5 | Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру | 19 | Отан, мемлекеттік рәміздер, мерекелер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктері бар, патриоттық сезімдері қалыптасқан | |||
| 20 | Туыстық байланыстарды, отбасылық дәстүрлерді біледі, үлкендерге құрмет көрсетеді және кішілерге қамқорлық жасайды | |||||
| 21 | Жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді біледі, туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасайды | |||||
| 22 | Әртүрлі мамандықтарды біледі және ересектердің жұмысын құрметтейді | |||||
| 23 | Ұжымдық іс-әрекет түрлеріне қатысады, тапсырмаларды орындайды, жұмыс нәтижелерін бағалайды | |||||
| 24 | Үйде, қоғамдық орындарда, жолда, табиғатта және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгерген | |||||
Ескерту: Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп және мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп толтырады.
Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасында педагог тиісті тор көзде тәрбиеленушінің біліктері мен дағдыларының "қалыптасқан" немесе "жеткіліксіз қалыптасқан", не "қалыптаспаған" деген көрсеткіштердің біреуін белгілейді.
№ 130 бұйрық, 2-қосымша (15.07.2026 № 194-НҚ ред.)Тегін · тіркелусіз · А4 альбомдық · PDF