ББЖМ 9-сынып: оқу сауаттылығы
9-сыныптың ББЖМ-ындағы оқу сауаттылығы — 35 минутта 15 тапсырма. Оқыту тіліндегі оқу: ортақ тақырыптағы екі мәтін, әрқайсысы шамамен 180–400 сөз — инфографика не ғылыми-көпшілік мақала, публицистика, сұхбат. Бірінші мәтінге бес сұрақ, екіншісіне алты және екеуіне төрт сұрақ. 2024 жылдан бастап МОДО-да ағылшынша оқу жоқ.
Сынақ тест
Сынақ тест — 2026 форматында, «Талдау» үлгісімен: сауаттылықтар блоктарға бөлінген, әр блоктың өз уақыты, алдыңғы блокқа оралу жоқ, арасында 5 минут үзіліс; тапсырмалар үш деңгейде.
Не тексеріледі
Тақырыптар — «Талдау» сборнигіндегі толық нұсқа мен МОДО-2024 есебі бойынша.
Тақырыптар
5 тақырып- Ақпаратты түсіну: негізгі және қосымша ақпарат, мәтіндік және графиктік ақпарат (кесте, диаграмма, инфографика)
- Сөз мағынасы және көркемдегіш құралдар: астарлы мағына, метафора, эпитет, метонимия, теңеу
- Мәтіннің стильдік ерекшелігі және тілдік құралдары
- Мәтіннің жанрлық ерекшелігі мен құрылымы: мақала, сұхбат, лид, абзацтың қызметі
- Екі мәтінді салыстырмалы талдау: мақсат, аудитория, автор ұстанымы, стильдік ерекшеліктер
A, B, C деңгейіндегі тапсырмалар
- A, 4 тапсырма: айқын ақпарат, инфографика деректері.
- B, 7 тапсырма: жасырын ақпарат, сөз мағынасы, қысқарған сөз, литота, метафора, стиль, стильдік түр, сөйлеу түрі, лид пен абзацтың қызметі, жанр.
- C, 4 тапсырма: тек екі мәтінді салыстыру — мақсаты, аудиториясы, стилі.
Біздің ашық тапсырмаларымыз жаңа банк тексеруден өткенде осы бетте пайда болады.
Жиі кездесетін қателер
Ең әлсізі — екі мәтіннің стилін салыстыру, тәсілдер (қысқарту, парцелляция, ирония) және аралас мәтін түрлері (МОДО-2024 есебі).
Жиі қойылатын сұрақтар
Оқу сауаттылығы: неше тапсырма?
35 минутта 15 тапсырма.
Деңгейлер қандай?
A — базалық, B — орта, C — жоғары. Әр деңгейдің тапсырма саны нұсқада тұрақты.
Калькулятор бола ма?
Жоқ. Черновикке қағаз пайдалануға болады.